«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Қымыз өндірісі

2015 жылғы 08 Шілде
- Ақмола облысы
13064 просмотров

Ақмолалық кәсіпкер ұлттық сусынның көлемді өндірісін жөнге салуға бел буды

Ақмола облысы Шортанды ауданының кәсіпкері Қарынбай Жәмкеев қолда бар әлеуетін барынша қолдануға шешім қабылдады. Қарынбай Ұрақұлы мал шаруашылығымен айналысады. Жылқы, қой және ірі қара мал өсіреді.

«Темеш» шаруа қожалығының қуаттылығына тәулігіне жүз литрге дейін өндірілетін қымыз өндірісінің көлемі куә болады. Фермер осыны ескере келе ежелгі сусынды өнеркәсіптік көлемде өндірумен айналысуға бел буды. Бірақ ол үшін жаңа жабдық қажет.

Ол өңірлік Кәсіпкерлер палатасы Шортанды филиалының сарапшыларымен өз жоспарымен бөлісті. Палата қызметкерлері өз кезегінде оған қандай көмекке сүйене алатынын айтып, жабдық алатын жер жайлы консультация берді, бизнесті ұйымдастыруға қатысты басқа да мәселелер жайлы ақпарат берді.

Іс әрі жылжи берді. Қарынбек Жәмкеев Кәсіпкерлер палатасының қолдауына ие болып, жылқы басын көбейту үшін пайдаланатын жерін кеңейтуге шешім қабылдады. Аудандық әкімдік байқау өткізу кезінде жобаның келешегі бар екенін ескере отырып, шаруа қожалығына жер беру мүмкін деп тапты.

«Қымызды толассыз өндіруді игеруді жоспарлап отырмын. Палата қызметкерлері сусынды құю жабдығын сатып алуға кеңес беріп, үлкен көмегін тигізді. Жерді алғаннан кейін қымызды үлкен көлемде өндіру үшін, табынды да ұлғайтқым келеді», - дейді фермер.

«Темеш» ШҚ сонымен қатар елорданың азық-түлік белдеуіне қатысушы болып табылады. Шортанды ауданы Астанаға жақын жатыр, сондықтан да Қарынбай Жәмкеев барлық өнімін қалалықтар базарларына жеткізеді. Ендігі жерде, өндірісті кеңейту мәселелері шешіліп қалғанда, ол ауыл шаруашылық өнімін жеткізудегі өз жайғасымын нығайтып алмақшы.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер