Фискальды қажеттілік
Бақылау-кассалық машиналар: жұмыс процедурасы
Ақмола облысы Кәсіпкерлер палатасының Степногор филиалында бизнеске бейқаржылық қолдау көрсету бағдарламасының аясында «Қазақтелеком» Ақ филиалы (фискальды деректер операторы), «Бизнес-Рост» ЖШС (сервистік және консалтингтік қызметтерді жүзеге асырушы) басшылығының және қала кәсіпкерлерінің қатысуымен дөңгелек үстел өтті. Бизнесмендерге фискальды деректер беру функциясы бар жаңа бақылау кассалық машиналарына көшу бойынша қадам-қадамдық әрекет алгоритмі түсіндірілді.
Дөңгелек үстел жұмысына 29 бензин мен алкоголь өнімін көтерме және бөлшек өткізуші қатысты. «Қазақтелеком» АҚ өкілдері техникалық шарттар және жабық байланыс арнасына (серверге) қосылу мерзімі жайлы, бекітілген тарифтер мен бірден артық бақылау-кассалық машинасына қосылу кезіндегі қолданыстағы жеңілдіктер жайлы сұрақтарға егжей-тегжейлі жауап берді.
Жиналғандарға құрылған консультациялық және техникалық қолдау қызметінің жұмысы, және де тегін бағдарламалық жасақтама туралы ақпарат берілді, ФДБ телекоммуникациялық желісі туралы түсініктер берілді. «Бизнес-Рост» ЖШС консультанттары мемлекеттік тізілімге қосылған құрылғы таңбалары туралы, аппараттарды тіркеу және сервистік қызмет көрсету туралы сөз қылды.
«Бизнес-Рост» компаниясының мамандары оқыту семинарын өткізіп, оның барысында онлайн режимінде бақылау-кассалық машиналардың практикалық қолданылуы мен негізгі функционалдық мүмкіндіктері көрсетілді.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: