«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Бизнесті қолдау жөніндегі шаралар кәсіпкерліктің өңірлерде де дамуына сеп болады

2015 жылғы 17 Ақпан
- Ақмола облысы
10380 просмотров

Ақмола облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры Уәлихан Ғабдуллин Қазақстан Президентінің кезектен тыс сайлауын өткізуді қолдай отырып, осылай мәлімдеді.

«Бүгінгі таңда әлемдік экономикалық ахуал жаңа тәуекелдері мен қауіп-қатерін төндіріп отыр, ал осының барлығы елімізді белгілі бір сынаққа түсіруде. Бұл жылдам да терең ұғынуды талап етеді, - деп атады ӨКП директоры Уәлихан Ғабдуллин. – Сонымен бірге бүгінде Қазақстанда дағдарысқа қарсы шаралардың анық жоспары әрекет етеді. Елбасы бастамалаған «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы осыған бағытталған, «Бизнестің жол картасы-2020», шағын және орта бизнесті қолдау жөніндегі бағдарламаларды жүзеге асыру жалғасуда. Мемлекет кәсіпкерлікті дамытуға аса зор көлемдегі қаражат бөліп отыр. ШОБ-ты дамытумен байланысты бірқатар түйткілдер шешімін тауып, биыл кәсіпкерлік үшін жағдайды түбегейлі жақсарту бойынша Заң күшіне енді де, ол процедуралар санын, мерзімдерін, бизнестің қаржылай шығындарын айтарлықтай қысқартты. Әкімшілік кедергілерді жою жөніндегі мәселелерге көңіл қойылуда, инвестициялық даму бағдарламасы, тегін консультациялық қызмет көрсетумен экономиканың шынайы секторларын жеңілдікті шарттарда қаржыландыру сияқты маңызды мәселелермен байланысты басқа да бірқатар бағдарламалар жасалды. Осы шаралардың барлығы кәсіпкерлік саласының өңірлерде де серпінмен дамуына, жалпы, бизнес-климаттың жақсаруына сеп болады», - деді ӨКП басшысы. «Ақмола облысы Кәсіпкерлер палатасы Қазақстан Президентін кезектен тыс сайлауды өткізу бастамасын толығымен қолдайды», - деп баса айтты Уәлихан Ғабдуллин.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер