Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық департаменті
Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық департаменті (бұдан әрі-Департамент) «Атамекен» ҚР ҰКП құрылымдық бөлімшесі болып табылады және қолданыстағы ұйымдық құрылымға сәйкес, Басқарманың жетекшілік ететін мүшесіне не өзге де лауазымды адамға бағынады. Департамент барлық кәсіпкерлік субъектілерімен, заңды тұлғалар бірлестіктерімен, ҚР ҰКП құрылымдық бөлімшелерімен және мемлекеттік органдармен Департамент жетекшілік ететін мәселелер бойынша өзара іс-қимыл жасайды.
Департаменттің негізгі міндеттері:
заңнамалық және нормативтік-құқықтық актілерді әзірлеуге және сараптауға қатысу;
электр және жылу энергетикасы, энергия үнемдеу, жаңартылатын энергия көздері, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық (қоқыс жағу және энергия алу мақсатында қатты тұрмыстық қалдықтар бөлігінде) және цифрлық майнинг саласындағы кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау;
электр және жылу энергетикасы, энергия үнемдеу, жаңартылатын энергия көздері, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық (қоқыс жағу және энергия алу мақсатында қатты тұрмыстық қалдықтар бөлігінде) және цифрлық майнинг саласындағы түйінді мәселелерді шешу бойынша кәсіпкерлік субъектілері мен қауымдастықтардың (одақтардың) шоғырландырылған пікірін (ұстанымдарын) әзірлеу;
кәсіпкерлік субъектілерінің және олардың қауымдастықтарының (одақтарының) электр және жылу энергетикасы, энергия үнемдеу, жаңартылатын энергия көздері, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық (қоқыс жағу және энергия алу мақсатында қатты тұрмыстық қалдықтар бөлігінде) және цифрлық майнинг саласындағы мәселелер бойынша мемлекеттік органдармен тиімді өзара іс-қимылын ұйымдастыруға қатысу.
Қазақстан Республикасында электр және жылу энергетикасында, энергия үнемдеуде, жаңартылатын энергия көздерінде, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықта (қоқыс жағу және энергия алу мақсатында қатты тұрмыстық қалдықтар бөлігінде) және цифрлық майнингте кәсіпкерлік бастаманы іске асыру үшін қолайлы құқықтық, экономикалық және әлеуметтік жағдайлар жасауға жәрдемдесу.