astana-view

Департаменттер

Қаржы секторы департаменті

Байтеленов Рустен Сәбитұлы

Басқарушы директор- департамент директоры

Қаржы секторы департаменті (ары қарай – Департамент) «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының құрылымдық бөлімшесі. 

Департамент өзіне жүктелген міндеттер мен  мәселелер бойынша барлық кәсіпкерлік субъектілері, заңды тұлғалар бірлестіктері, ҚР ҰКП құрылымдық бөлімшелері және мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жүргізеді.

Қызметтегі негізгі бағыттар: 

- қаржы секторы (банк, сақтандыру және қор нарығы);
- бизнесті мемлекеттік қолдаудың қаржы мәселелері; 
- сараптамалық есеп талдауы мен жиынтығы; 
- инвестициялық саясат.

Департаменттің негізгі міндеттері: 

- кәсіпкерлік субъектілердің өтінімдерін қарау; 
- субъектілердің құқықтары мен заңды мүддесін қорғауды қамтамасыз ету;
- кәсіпкерлердің құқықтары мен заңды мүддесін қорғау мәселелері бойынша нормативтік актілер жобаларын дайындауға қатысу;
- ҰКП Төралқасы жанындағы Қаржы секторы комитетінің хатшылығы функциясын іске асыру; 
- құрылымдық бөлімше қызметінің мәселелері бойынша құзыреті шеңберінде қызметті әдіснамалық және талдамалық қамтамасыз ету.

Еншілес ұйымдар

Серіктестер