astana-view

Департаменттер

Сатып алуды реттеу департаменті

ШОҚАЕВ РУСЛАН ТӘҢІРБЕРГЕНҰЛЫ

Басқарушы директор - департамент директоры

Сатып алуды реттеу департаменті сатып алулар мәселелері бойынша барлық өңірлік палаталармен, мемлекеттік органдармен, квазимемлекеттік секторлармен, бизнес-қауымдастықтармен және өзге де ұйымдармен белгіленген тәртіппен өзара іс-қимыл жасайды.

Департаменттің негізгі функциялары:

  • Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарымен мемлекеттік сатып алу мониторингі және квазимемлекеттік сектордың сатып алулары мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасау; 
  • Мемлекеттік сатып алулардың, квазимемлекеттік сектордың, жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алуларының жай-күйі туралы талдамалық есептерді дайындау; 
  • Жасалатын халықаралық келісімдерді ескере отырып, тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу бойынша қолданыстағы заңнаманы мониторингілеу;  
  • Заңнаманы жетілдіру бойынша ұсыныстар дайындау;  
  • Тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу саласындағы заңнамалық және нормативтік құжаттарды сараптау;  
  • Қазақстан Республикасының халықаралық ұйымдарға қатысуына байланысты қолданыстағы заңнамалық базаны және шарттарды талдау;  
  • Ұлттық заңнаманы жетілдіру бойынша ұсыныстар дайындау. 

Департаменттің міндеттері:

  • мемлекеттік сатып алулар, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің сатып алулары, жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алулары саласындағы жариялылықты, ашықтықты арттыру; 
  • кәсіпкерлік субъектілерінің мемлекеттік сатып алуларға, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің сатып алуларына, жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алуларына адал және бәсекеге қабілетті қатысуы үшін жағдайлар жасау; 
  • кәсіпкерлік субъектілері мен олардың бірлестіктерінің (одақтарының) мемлекеттік органдармен, квазимемлекеттік сектор субъектілерімен, жер қойнауын пайдаланушылармен өзара іс-қимылды қамтамасыз ету. 

 

Еншілес ұйымдар

Серіктестер