Кәсіпкерлер құқығын қорғау департаменті
Департамент, Кәсіпкерлер құқығын қорғау жөніндегі кеңес Хатшылығы бола отырып, Кеңес отырысын толығымен ұйымдастырады және құқықтық қолдауды жүзеге асырады, Кеңесте қарастырылатын мәселелер бойынша құқықтық қорытындылар дайындайды.
Прокуратура органдарымен өзара әрекеттестік Кеңес пен Департамент жұмысында қолданылатын маңызды жұмыс әдісі болып табылады. ҰКП тарапынан кәсіпкер мәселесі бойынша толықтай құқықтық есеп жасау, заңнаманың тиісті нормаларына сілтемелер келтіре отырып, қорытындылар мен болжалды салдарларын келтіру прокуратура органдарының қандай да бір түйткілді егжей-тегжейлі қарауын қамтамасыз етеді.
Нәтижесінде Ұлттық кәсіпкерлер палатасының көптеген өтініштері бойынша прокуратура органдары тиісті прокурорлық шараларды қабылдайды, соның ішінде сот актілеріне қарсы болу, мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардың заңсыз әрекетіне (әрекетсіздігіне) ұсыныс енгізу.
Ұлттық палатаның қадағалау қарсылығын келтіру туралы Бас прокруатураға жасалатын өтініштерді қолдау механизмі әзірленген. Департамент сарапшыларының беделді ой-пікірі аталмыш механизмнің пәрменділігін қамтамасыз етеді.
Сонымен қатар, Департамент сарапшылары кәсіпкерлерге талап-арыздар (пікірлер) жазу кезінде жәрдем көрсетуге дейінгі сипаттағы заңгерлік көмектерді жүзеге асырады.
Департамент ҰКП құрылымында кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мәселелері бойынша басты бөлімше болып табылады.