«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Сертификаттау

ЭКСПОРТҚА АРНАЛҒАН ТАУАРДЫҢ ШЫҒУ ТЕГІ ТУРАЛЫ СЕРТИФИКАТ

Тауардың шығу тегі туралы сертификат – бұл тауардың шыққан елін растайтын құжат.

Тауардың шығу тегі туралы экспорттық нысандағы сертификаттар (СТ-1, СТ-1 (Өзбекстан), СТ-2, СТ-3, EAV, А, Түпнұсқа) бекітілетін елде тарифтік артықшылық (кеден бажын азайту немесе босатылу), тарифтік емес реттеу (тыйым салулар, тауар шығаруға/жеткізуге шектеу қою) алу үшін рәсімделеді.

Бүгінде Қазақстан Республикасынан экспортталатын тауарлардың шығу тегін анықтау келесі Қағидалар арқылы жүзеге асырылады.

РЕСІМДЕУ, КУӘЛАНДЫРУ ЖӘНЕ БЕРУ ПРОЦЕДУРАСЫ

1)    https://doc24.kz/ сайты арқылы 17 облыстағы, 2 республикалық маңызы бар қаладағы және астанадағы өңірлік кәсіпкерлер палатасына (бұдан әрі – ӨКП) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің 2014 жылғы 8 шілдедегі № 257 бұйрығымен бекітілген Тізбеге сәйкес құжаттардың электрондық көшірмелерін тіркеп (https://adilet.zan.kz/rus/docs/V1400009665#z87), электрондық өтініш нысанын ұсыну. Аумақтық шектеулер жоқ;

2)    ӨКП уәкілетті тұлғасы құжаттарды талдайды және тауардың шығу тегі туралы сертификатты беру туралы немесе тауардың шығу тегі туралы сертификатты беруден бас тарту туралы еркін нысанда қорытынды жасайды.

3)    Қазақстан Республикасынан экспортталатын, кері экспортталатын тауарлардың шығу тегі туралы сертификатты беру тіркелген күннен кейінгі 1 (бір) жұмыс күнінен кешіктірмей жүзеге асырылады. Сериялық өнімнің шығу тегі туралы сертификат алу мақсатында мәлімделетін тауар өндірісінің орналасқан жеріне шығуды жүзеге асырған жағдайда, ЕАЭО елдеріне өнімді әкету үшін 2020 жылғы 10 сәуірдегі № 2 ЕҮАК шешімінің талаптарына сәйкес беру мерзімі 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірілмей белгіленген.

СТ-1, СТ-2, EAV нысанындағы тауардың шығу тегі туралы сертификаттың жарамдылық мерзімі: Түпнұсқа – берілген күннен бастап 12 ай, «А» нысанындағы – берілген күннен бастап 10 ай.

ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ҚҰНЫ

"Атамекен" Қазақстан Республикасы Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы Төралқасының шешіміне сәйкес тауардың шығу тегі туралы сертификатын беру, оның ішінде тауардың шығу тегі туралы сертификатын орнына беру, тауардың шығу тегі туралы сертификаттың телнұсқасын беру және экспорттаушыларды тауарды әкелу елдерінің ақпараттық жүйелерінде тіркеу бойынша қызмет көрсету құны 3 АЕК құрайды.

ІШКІ АЙНАЛЫМ ҮШІН «СТ-KZ» НЫСАНЫНДАҒЫ ТАУАРДЫҢ ШЫҒУ ТЕГІ ТУРАЛЫ СЕРТИФИКАТ

«СТ-KZ» нысанындағы тауардың шығу тегі туралы сертификат – тауар шығарған мемлекет Қазақстан Республикасы екенін растайтын құжат.

«СТ-KZ» нысанындағы сертификаттар ӨКП-да Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2021 жылғы 13 шілдедегі № 454-НҚ бұйрығымен бекітілген тауардың шығарылған елін, Еуразиялық экономикалық одақ тауарының немесе шетелдік тауардың мәртебесін айқындау, тауардың шығу тегі туралы сертификат беру және оның қолданысының күшін жою, тауардың шығарылған елін айқындау жөніндегі сертификат нысандарын белгілеу қағидаларына сәйкес ресімделеді (бұдан әрі – СИМ қағидалары) https://adilet.zan.kz/rus/docs/V2100023514#z316.

«СТ-KZ» нысанындағы сертификатының қолданылу саласымен осы файлда танысуға болады.

«CT-KZ» нысанындағы тауардың шығу тегі туралы сертификат уәкілетті ұйыммен келесі тауарларға ресімделеді, куәландырылады және беріледі:

1)    тауарды жеткілікті қайта өңдеу өлшемшарттарына сәйкес жеткілікті қайта өңдеуге ұшыраған және арнайы экономикалық аймақтардың аумағынан және еркін қоймалардан Қазақстан Республикасы аумағының қалған бөлігіне әкетілетін тауарлар;

2)    Қазақстан Республикасының аумағында тауарды жеткілікті қайта өңдеу өлшемшарттарына сәйкес өндірілген немесе жеткілікті қайта өңдеуге ұшыраған және Қазақстан Республикасының аумағында өткізілетін тауарлар.

РЕСІМДЕУ, КУӘЛАНДЫРУ ЖӘНЕ БЕРУ ПРОЦЕДУРАСЫ

1)    Ішкі айналым үшін тауардың шығарылған елін айқындау жөнінде сараптама жүргізу:

Тауардың шығарылған елін айқындау жөніндегі сараптаманы сарапшы-аудитор құжаттардың толық топтамасымен өтінімді ұсынған және тіркеген сәттен бастап 5 жұмыс күнінен аспайтын мерзімде шарттық негізде жүзеге асырады.

Ішкі айналым үшін тауардың шығу тегі туралы сараптама актісін алу үшін сараптама ұйымын таңдауды өтініш беруші дербес жүзеге асырады. Сарапшы-аудиторлардың тізілімі және сараптама ұйымдарының тізбесі уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылады.

Сараптама нәтижелері бойынша сараптама ұйымы ішкі айналым үшін тауардың шығу тегі туралы сараптама актісін куәландырады және береді.

2)    ӨКП-да «СТ-KZ» нысанындағы сертификатты ресімдеу, куәландыру және беру:

«CT-KZ» нысанындағы тауардың шығу тегі туралы сертификат ресімделеді, куәландырылады және мыналардың негізінде беріледі:

a)    өндірістің орналасқан жері бойынша https://doc24.kz/ сайты арқылы өтінімнің электрондық нысаны. Егер өтініш беруші өндірісінің орналасқан жерінен уәкілетті ұйымның тиісті аумақтық бөлімшесіне дейінгі қашықтық уәкілетті ұйымның басқа аумақтық бөлімшесіне дейінгі қашықтықтан екі есе мөлшерде асып кетсе, онда өтініш берушіге уәкілетті ұйымның жақын маңдағы аумақтық бөлімшесіне өтінім және оған қоса берілген құжаттарды беруге жол беріледі. 

b)    ішкі айналымға шығарылған тауарлардың шығу тегі туралы сараптама куәлігі, жасалған күннен бастап бір айдан кешіктірілмей ұсынылады;

c)    өтінішке қоса берілген және өтініш берушінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған, СИМ қағидаларының 25-тармағына сәйкес электрондық көшірмелер түріндегі құжаттар;

d)    СИМ қағидаларының 29-тармағына сәйкес электрондық көшірмелері түріндегі құжаттар (сериялық өндірістегі «СТ-KZ» нысанындағы тауардың шығу тегі туралы сертификат алған жағдайда).

ӨКП уәкілетті тұлғасы СИМ қағидаларының 25 және 29-тармақтарында көрсетілген өтініш беруші ұсынған құжаттарға талдау жүргізеді және СИМ қағидаларының талаптарын сақтау мәніне, сондай-ақ тауардың шығарылған елін айқындау мәніне ішкі айналым үшін тауардың шығу тегі туралы сараптама актісіне талдау жүргізеді және еркін нысанда ресімдеу туралы қорытынды немесе шығу тегі туралы сертификатты ресімдеуден бас тарту негіздемесін жасайды.

«СТ-KZ» нысанындағы тауардың шығу тегі туралы сертификатты немесе оны беруден бас тарту туралы жазбаша дәлелді шешімді беру мерзімі өтінім уәкілетті ұйымда тіркелген күннен кейінгі 3 (үш) жұмыс күнінен аспайды. Тауардың шығу тегі туралы сертификатты беруден бас тарту туралы дәлелді шешім уәкілетті органның ақпараттық жүйесі арқылы электрондық нысанда беріледі.

Мәлімделген тауар өндірісінің орналасқан жеріне баруды жүзеге асырған жағдайда «СТ-KZ» нысанындағы тауардың шығу тегі туралы сертификатты немесе оны беруден бас тарту туралы жазбаша дәлелді шешімді беру мерзімі өтінім уәкілетті ұйымда тіркелген күннен кейінгі 4 (төрт) жұмыс күнінен аспайды.

«СТ-KZ» нысанындағы тауардың шығу тегі туралы сертификат ҰКП ақпараттық жүйесі арқылы электрондық нысанда беріледі. Өтініш берушінің өтініші бойынша уәкілетті ұйымның мөрімен және уәкілетті тұлғаның қолымен куәландырылған қағаз түріндегі «СТ-KZ» нысанындағы тауардың шығу тегі туралы сертификат беріледі.

«СТ-KZ» нысанындағы тауардың шығу тегі туралы сертификаттың қолданылу мерзімі-берілген күннен бастап 12 немесе 36 ай.

ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ҚҰНЫ

"Атамекен" Қазақстан Республикасы Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы Төралқасының шешіміне сәйкес тауардың шығу тегі туралы сертификатын беру, оның ішінде тауардың шығу тегі туралы сертификатын орнына беру, тауардың шығу тегі туралы сертификаттың телнұсқасын беру және экспорттаушыларды тауарды әкелу елдерінің ақпараттық жүйелерінде тіркеу бойынша қызмет көрсету құны 3 АЕК құрайды.

 

Сертификат үлгісі

Келісім

Бағыт

Тауардың шығу түбі туралы «СТ-1» үлгісіндегі сертификат

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығында тауарлардың шығарылған елін анықтау ережесі туралы 20.11.2009 жылғы келісім

 

ТМД

ТМД Үкімет басшылары кеңесінің 30.11.2000 жылғы шешімімен бекітілген тауарлардың шығарылған елін анықтау ережесі

 

 

Грузия

ТМД Үкімет басшылары кеңесінің 24.09.1993 жылғы шешімімен бекітілген тауарлардың шығарылған елін анықтау ережесі

Өзбекстан, Түрікменстан

Тауардың шығу түбі туралы «СТ-2» үлгісіндегі сертификат

Бір тараптан Еуразиялық экономикалық одақ пен оған мүше мемлекеттер және екінші тараптан Сербия Республикасы арасындағы еркін сауда туралы 2019 жылғы 25 қазандағы келісім

Сербия

Тауардың шығу түбі туралы «СТ-3» үлгісіндегі сертификат

Бір тараптан Еуразиялық экономикалық одақ пен оған мүше мемлекеттер және екінші тараптан Иран Ислам Республикасы арасындағы Қазақстан Республикасының 2019 жылғы 7 мамырдағы № 253-VІ ҚРЗ Заңымен ратификацияланған еркін сауда аймағын құруға алып келетін   уақытша келісім

 

Иран

Тауардың шығу түбі туралы «EAV» үлгісіндегі сертификат

 

Бір тараптан Еуразиялық экономикалық одақ пен оған мүше мемлекеттер және екінші тараптан Вьетнам Социалистік Республикасы арасындағы еркін сауда туралы 2015 жылғы 29 мамырдағы келісім

 

 

 

Вьетнам

Тауардың шығу түбі туралы «А» үлгісіндегі сертификат

Еуропа комиссиясының регламенті

  (ЕО) №2454/93

Еуропа одағының елдері

GSP преференцияларының бас жүйесі

АҚШ, Канада, Жапония, Түркия, Австралия, Жаңа Зеландия,  Лихтенштейн және GSP қолданатын басқа да елдер

REX ЖҮЙЕСІ

Уәкілетті экспорттаушының жүйесі

 (REX system)

01.01.2017  жылғы 1063/2010   регламент

 

Норвегия, Швейцария

 

Тауардың шығу түбі туралы «Түпнұсқа» үлгісіндегі преференциалды емес сертификат

 

«Тауардың шығарылған елін, Еуразиялық экономикалық одақ тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау, тауардың шығарылуы туралы сертификат беру және оның күшін жою, тауардың шығарылған елін айқындау жөніндегі сертификаттың нысандарын белгілеу жөніндегі қағидаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2021 жылғы 13 шілдедегі № 454-НҚ бұйрығы

 

 

 

Халықаралық келісімдер жасалмаған үшінші елдер

Тауардың шығу түбі туралы «СТ-KZ» үлгісіндегі сертификат

«Тауардың шығарылған елін, Еуразиялық экономикалық одақ тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау, тауардың шығарылуы туралы сертификат беру және оның күшін жою, тауардың шығарылған елін айқындау жөніндегі сертификаттың нысандарын белгілеу жөніндегі қағидаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2021 жылғы 13 шілдедегі № 454-НҚ бұйрығы

Ішкі айналым

 

Еншілес ұйымдар

Серіктестер