«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

«Көкшетау Су Арнасы» кәсіпкерлерді жаңа есеп құралдарын қоюға міндеттеп жатыр

2019 жылғы 30 Қаңтар
- Ақмола облысы
4766 просмотров

Көкшетаулық кәсіпкер қалалық сумен жабдықтау ұйымынан аяқ асты хабарлама алған.

«Көкшетау Су Арнасы» ҚКМ хабарламаларды жаңа жылға дейін таратқан. «Хаттарда» қалалық су арнасы су көрсеткіштерін қашықтықтан бақылау мақсатында автоматтандырылған суды тазарту машиналарының иелеріне бекітілген модемдермен өнеркәсіптік су есептеу құралдарын орнатуды талап еткен. Өтпеген жағдайда мемлекеттік мекеме кәсіпорынмен келісімшартты бұзатынын жеткізген.

Монополистің мұндай әрекетіне кәсіпкерлер шағымданып, Ақмола облысы кәсіпкерлер палатасына ұжымдық хат жолдады.

ӨКП сарапшылары іс материалдарын зерттеп,  «Көкшетау Су Арнасы» ҚКМ тарапынан жасалған талап негізсіз деп танып, жедел түрде «Көкшетау Су Арнасы» ҚКМ-ға сұратым жіберді.

Мемлекеттік мекеме өз жауабында бұл шараны цифрландыру аясында жүргізіп жатқанын айтты. Коммуналдық қызмет өкілдерінің айтуынша, есеп құралдары кәсіпорынның бағдарламалық қамтуына икемделеді. Дегенмен, Палатаның сұратымынан кейін кәсіпорынға жүргізілмек «цифрландыру» тоқтатылды.

 Нәтижесінде монополист хабарламаны қайтарып алды, ал кәсіпкерлер Палата қызметкерлеріне орын алған мәселені тез реттеп бергендері үшін алғыстарын білдірді.

 Алайда күні кеше «Көкшетау Су Арнасы» ҚКМ тұтынушыларға ескі есеп құралдарын жаңа есеп құралдарына ауыстыру бойынша хаттарды қайтадан жіберді. Ал қазіргі есептеуіш құралдардың мерзімі аяқталған жоқ. Осы ретте кәсіпкерлердің айтуынша, жаңа есептеуіштің құны шамамен 200 мың теңге.

 Орын алған жағдайға кәсіпкерлер алаңдауышылық білдіріп отыр, осыған байланысты Өңірлік кәсіпкерлер палатасына өтінімдер түсіп жатыр.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер