«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Қаржылай емес қолдау

Құрметті кәсіпкерлер!

«Атамекен» ҰКП сізді «Іскерлік байланыстар» жобасына қатысуға шақырады.
2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде «Іскерлік байланыстар» жобасын іске асыру көзделген.

Жобаның мақсаты – халықаралық және шетелдік ұйымдардың қолдауымен шетелдік әріптестермен іскерлік байланыстар орнату есебінен ұлттық жоба шеңберінде экономиканың басым секторларында өз қызметін жүзеге асыратын шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне қолдау көрсету.

«Іскерлік байланыстар» құралы шетелде тақырыптық бизнес-тағылымдамадан өтуді, сондай-ақ ұқсас бейіндегі кәсіпорындарға баруды және келесі мәселелер бойынша шетелдік әріптестермен іскерлік байланыстар орнатуды көздейді:
1) технологиялар трансферті және жабдықтар сатып алу;
2) тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді өзара жеткізу;
3) франшиза сатып алу;
4) бірлескен кәсіпорындар құру.

Құралға қатысушылар мынадай критерийлері бар шағын және орта кәсіпкерлік (ШОК) субъектілерінің жоғары буын басшылары болып табылады:
1) өз қызметін қабылдаушы тараптың талаптарына сәйкес экономика секторларында жүзеге асыратын;
2) жылдық орташа табысы 10 000 (он мың) айлық есептік көрсеткіштен кем емес.

2022 жылы Германияда 13 ШОК субъектілері 5-13 шілде аралығында «BBW» неміс біліктілікті арттыру орталығында тағылымдамадан өтті, ал қалған 19 ШОК субъектілері 16-24 тамыз аралығында «Export-Akademie Baden-Württemberg» неміс орталығында тағылымдамадан өтті.

Қосымша ақпарат алу үшін өңірлік кәсіпкерлер палаталарына 1432 (кез келген қаладан) және 8-800-080-80-10 (Қазақстан бойынша кез келген қаладан тегін) нөмірлері бойынша байланыс орталығына хабарласыңыз.
 

ЕСЕПТЕР

Құрметті кәсіпкерлер!

 

«Атамекен» ҰКП ақпараттық-консультациялық қызметтерді пайдалануды ұсынады!

 

«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жоба шеңберінде құралды іске асырады:

Кәсіпкерлер мен кәсіпкерлік бастамасы бар халыққа арналған ақпараттық-консультациялық қызметтер.

Ақпараттық-консультациялық қызметтер ШОБ субъектілері мен жеке тұлғаларға тегін ұсынылады. Қызметтер аудандық деңгейдегі 189 КҚКО «офлайн» режимде, ал облыстық деңгейде веб-портал - www.g4b.kz арқылы «онлайн» режимде ұсынылады.

Көрсетілетін қызметтерге мыналар кіреді:

1) мемлекеттік қолдау шаралары туралы ақпараттандыру және кеңес беру;

2) құқықтық мәселелер бойынша кеңес беру және рұқсат құжаттарын алу.

 

2023 жылы ұсынылған қызметтер саны

 

р/с

Қызмет түрлері

ШОБ үшін қызметтер саны

Жеке тұлғаларға арналған қызметтер саны

Барлығы

2023 жылға

2023 жылға

1

мемлекеттік қолдау шаралары туралы ақпараттандыру және кеңес беру

26 172

101 805

127 977

2

құқықтық мәселелер бойынша кеңес беру және рұқсат құжаттарын алу

3 543

4 364

7 907

Барлығы

29 715

106 169

135 884

 

ШОБ үшін қызметтер саны

 

 

Жеке тұлғаларға арналған қызметтер саны

Қосымша ақпарат алу үшін өңірлік кәсіпкерлер палаталарына немесе байланыс орталығына 1432 нөмірі бойынша (кез-келген қаладан) және 8-800-080-80-10 (Қазақстан бойынша кез-келген қаладан тегін) хабарласыңыздар.

 

ЕСЕПТЕР

Құрметті кәсіпкерлер!

"Атамекен" ҰКП сервистік қызметтерді пайдалануды ұсынады!

 

"Атамекен" ҚР ҰКП кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жоба шеңберінде құралды іске асырады:

"Кәсіпкерлік қызметті жүргізуге сервистік қолдау көрсету" құралы өтеусіз негізде экономиканың барлық секторларында жұмыс істейтін шағын және орта кәсіпкерлер субъектілерін (бұдан әрі – ШОК субъектілері) қолдау үшін мамандандырылған қызмет түрлерін (бұдан әрі – сервистік көрсетілетін қолдау) көрсетуге бағытталған.

 

Сервистік қолдау шеңберінде сервистік қызметтердің мынадай түрлері ұсынылады:

      1) бухгалтерлік және салықтық есепке алуды жүргізуге, сондай-ақ:

      бухгалтерлік заңнама мәселелері бойынша консультацияларды;

      салық заңнамасы мәселелері бойынша консультацияларды;

      бастапқы құжаттарды өңдеу, салықтарды және бюджетке басқа да аударымдарды есептеу мәселелері бойынша консультацияларды

      бухгалтерлік есепті жүргізу бойынша консультацияларды;

      "1С-Бухгалтерия" бағдарламасымен жұмыс бойынша консультацияларды;

      салықтық есептерді дайындау және тапсыру бойынша консультацияларды;

      статистикалық есептерді дайындау және тапсыру бойынша консультацияларды;

      бөгде ұйымдар үшін қаржылық қызмет бойынша қосымша есептер жасау бойынша консультацияларды;

      салықтық есептер дайындауды;

      статистикалық есептер дайындауды.

 

      2) заң мәселелері және конкурстық (тендерлік) рәсімдер жөніндегі қызметтер, сондай-ақ:

      лицензиялар мен рұқсат құжаттарын алу бойынша консультацияларды;

      құқықтық қолдай отырып, лицензиялар мен рұқсат беру құжаттарын алу бойынша көрсетілетін қызметтерді;

      кәсіпкерлік субъектісін тіркеуге, қайта тіркеуге құжаттар дайындауды;

      кәсіпкерлік субъектісін тарату бойынша консультациялар;

      шарттардың жобаларын электрондық форматта әзірлеу;

      азаматтық, еңбек және кәсіпкерлік құқық саласындағы консультациялар;

      мемлекеттік сатып алуға байланысты консультациялар;

      конкурсқа / тендерге қатысу үшін өтінімдер дайындау;

      сатып алуды ұйымдастырушылардың әрекеттеріне/әрекетсіздігіне шағымдану жөніндегі қызмет.

 

      3) қаржыландыру және мемлекеттік қолдау шараларын алу мәселелері бойынша көрсетілетін қызметтер, сондай-ақ:

      кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыру және жүргізу мәселелері бойынша консультациялар;

      екінші деңгейдегі банктерде, басқа қаржы ұйымдарында, сондай-ақ даму институттарында қаржыландыру үшін құжаттарды дайындау мәселелері бойынша сүйемелдеу.

 

      4) бизнес-жоспарды әзірлеу жөніндегі көрсетілетін қызметтер, сондай-ақ:

      бизнес-жоспарды әзірлеу үшін ақпарат жинау бойынша консультацияларды;

      бизнес-жоспарды әзірлеу бойынша консультацияларды;

      бизнес-жоспарды әзірлеуді;

      тауарларды және (немесе) жұмыстарды және (немесе) көрсетілетін қызметтерді ілгерілету жоспарын талдау бойынша консультацияларды;

      тауарларды және (немесе) жұмыстарды және (немесе) көрсетілетін қызметтерді ілгерілету жоспарын талдау бойынша әзірлемелерді қамтиды.

 

 

 2023 жылы ұсынылған қызметтер саны

№ п/п

Виды услуг

ШОК субъектілері үшін қызметтер саны

Қызметке жүгінген ШОК субъектілерінің саны

2023 жылға

2023 жылға

1

Бухгалтерлік және салықтық есепке алуды жүргізуге байланысты қызметтер

11808

9385

2

Заң мәселелері және конкурстық (тендерлік) рәсімдер жөніндегі қызметтер

4168

3701

3

Қаржыландыру және мемлекеттік қолдау шараларын алу мәселелері бойынша қызметтер

4045

3769

4

Бизнес-жоспарды әзірлеу жөніндегі қызметтер

5832

5238

Жалпы

25853

22093

Диаграмма. 2023 жылы ұсынылған қызметтер саны

 

Қосымша ақпарат алу үшін Өңірлік кәсіпкерлер палаталарына немесе байланыс орталығына хабарласыңыз: кез келген қаладан: 1432 және Қазақстан бойынша: 8-800-080-80-10 (кез келген қаладан тегін).

 

ЕСЕПТЕР

Құрметті кәсіпкерлер және кәсіпкерлік бастамасы бар азаматтар!

«Атамекен» ҰКП «Мен – кәсіпкер» кәсіпкерлік әлеуетті дамыту» құралы (бұдан әрі – «Мен кәсіпкер» құралы») бойынша тегін қызмет көрсету туралы хабарлайды.

«Мен – кәсіпкер» құралы екі бағытта іске асырылады:

 

  1. «Кәсіпке бағыт» – кәсіпкерлерге және кәсіпкерлік бастамасы бар азаматтарға өтеусіз негізде ұсынылатын консультациялық және білім беру қызметтерінің кешенін қамтиды;
  2. Әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталықтары     кәсіпкер әйелдер мен кәсіпкерлік бастамасы бар әйелдерге ақысыз негізде қызмет көрсетуді қамтиды.

Қызметтер облыстық деңгейде және республикалық маңызы бар қалаларда көрсетіледі.

Ұсынылған қызметтер мынадай шараларды қамтиды:

 «Кәсіпке бағыт»:

 1) консультация;

 2) салалық (бейінді) оқу;

 3) қаржыландыру тарту бойынша оқу;

 4) кәсіпорындарға арналған бизнес-шолу;

 5) «Бір ауыл – бір өнім» жобасына қатысу.

2) Әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталықтары:

 1) консультация;

 2) кәсіптік және бизнес-оқу жүргізу;

 3) менторлық;

 4) кәсіпкер әйелдердің халықаралық жобаларға қатысуы.

 

«Мен – кәсіпкер» құралын іске асыру бойынша 2023 жылдың қорытындысы

2023 жылдың қорытындысы бойынша «Мен – кәсіпкер» құралы бойынша 14 135 қызмет көрсетілді (атап айтқанда, Әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталықтары бағыты бойынша 8 318 қызмет алушыға (әйелге) 13 159 қызмет көрсетілді, сонымен қатар «Кәсіпке бағыт» бағыты бойынша салалық оқуға 976 ШОК субъектісі қатысты). Соның ішінде:  

 

Көрсетілген қызмет түрлері

Көрсетілген қызмет саны

1

Консультация

8 364

2

Кәсіптік және бизнес-оқу жүргізу

2 485

3

Кәсіпорындарға арналған бизнес-шолу

100

4

Кәсіпкер әйелдердің халықаралық жобаларға қатысуы

1 024

5

Әйелдерді қаржыландыру тартуға оқыту

309

6

Ментилерге «Ментролық» қызмет көрсету

358

7

«Кәсіпке бағыт» салалық оқу

976

8

«Бір ауыл – бір өнім» жобасы шеңберінде жергілікті шикізаттан өнім шығару және нарыққа ілгерілету

519 ішінен 60 финалист

Жиыны:

14 135

 

«Бір ауыл – бір өнім» қызметін іске асыру шеңберінде 20 өңірлік көрме өткізілді. Нәтижесінде өңірлік бренд-комитеттер өнім өндірушілер арасында 60 жеңімпазды анықтады (әр 20 өңірден 3 жеңімпаздан). Іріктелген қатысушалыр «Бір ауыл – бір өнім» жобасының финалистері атанды (финалистердің тізімі қоса беріледі).

Қосымша ақпарат алу үшін өңірлік кәсіпкерлер палаталарына немесе байланыс орталығына мына телефон нөмірлері бойынша хабарласуды сұраймыз: 1432 және 8-800-080-80-10 (Қазақстан бойынша қоңырау шалу тегін).

Список финалистов 2023

ЕСЕПТЕР

Кәсіпкерлерге арналған сервистік қызметтерге шолу

Қызметкердің жалақысынан салықтарды, жарналарды және аударымдарды есептеу мысалы.

«Атамекен» ҰКП – бизнестің сенімді серіктесі

Басым дақылдар өндірісін дамытуға субсидия алу

Экономикалық қызметтің жалпы жіктеуішін енгізу немесе өзгерту

100-үлгі бойынша корпоративтік табыс салығы туралы мағлұмдама

Бизнестегі инвестициялардың өтелімділігін, көрсеткіштері мен есептеулерін қалай анықтауға болады

Тауар белгісін тіркеу тәртібі

2023 жылғы 1 сәуірден бастап тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды рәсімдеу тәртібі

«Самұрық-Қазына» сатып алымдарына баға ұсынуға қатысу

Бизнеске «сатылым сүзгісі» не үшін керек және ол қалай көмектеседі

Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға субсидияны қалай аламыз?

Жұмысқа қабылдау тәртібі - еңбек қатынастарын рәсімдеу бойынша нұсқаулық

Еншілес ұйымдар

Серіктестер