«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

«Бастау» – кәсіпкер атанудың тиімді жолы

2018 жылғы 11 Қараша
- Ақмола облысы

Ақмола облысында «Бастау» жобасының алтыншы, осы жылдың соңғы легі өтіп жатыр. Тестілеуге облыстың барлық өңірінен дерлік 430-дан астам қатысты

29 қазан күні Ақмола облысында «Бастау» жобасы аясында Атбасар, Егіндікөл және Жарқайын аудандарынан басқа оқудың алтыншы легі басталды. Аталған аудандар жоспарды орындап қойды. Сәуір және қазан аралығында жүргізілген 5 лектін қорытындысы бойынша 1686 адам жобаның түлегі атанып, оның 1248-і бизнес-жоспарларын қорғады.

«Бастау» бірінші легінің түлегі – Астрахан ауданы Колутон ауылының тұрғыны Нұрымбек Бекмағамбетов. Зейнеткерлік алдындағы жас кедергі болған жоқ кәсіпкер жобаға бизнес машықтарын үйрену үшін келді. Бастауыш кәсіпкер бизнес-тренердің көмегімен құс шаруашылығын таңдады, оның үстіне Нұрымбек Бекмағамбетовтың қора-жайында қаз өсіруге қажетті жағдай болған.

Оқуды сәтті аяқтаған Нұрымбек Бекмағамбетов ӨКП-ның Астрахан ауданы филиалының қолдауымен «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» арқылы жеңілдікпен несие алды. Шаруа 2,5 млн теңгеге 1300 бас қаз балапанын, жем-шөп және инкубаторлар сатып алды.

 Бұланды ауылының тұрғыны Перизат Мырзахметова Кәсіпкерлерді қолдау орталығына 2018 жылдың басында жүгінген. Ол мемлекеттік қолдау бағдарламалары туралы ақпарат алып, «Бастау» жобасына қатысуға өтінім жазып кетті. Бизнес ханымның мейрамханасы бар, ол екіншісін ашуды жоспарлады.

Оқуды аяқтаған соң Перизат Мырзахметова Кәсіпкерлерді қолдау орталығы қызметкерлерінің сүйемелдеуімен қажетті құжаттарды тез жинап, Ақмола облысы Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау орталығы арқылы 10 млн теңге несие алды. Макинск ауылында бұрын кафе болған ғимаратқа күрделі реконстуркция мен жөндеу жұмыстары жүргізіліп, 300 орындық «Айзере» атты мейрамхана ашылды.

«Бастау» жобасының тағы бір түлегі Степняк қаласында «Первомайка» атты дүкен ашты. Өз уақытында қалада «Первомайская» жетекші шахтасы жұмыс істеп тұрған. Сағидолла Омаров осы шахтаның кезіндегі табысындай табысты бизнесті бастамақ, ол жобаны сәтті аяқтады. Бастауыш кәсіпкер «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» арқылы  4 млн теңге алды.

  Щучинск қаласының тұрғыны Елена Черевик – «Бастау» оқуының екінші легінің түлегі. Жоба оған бастапқы кезеңге айналды, бастауыш кәсіпкер оқуды аяқтап, «Бизнестің жол картасы-2020» бойныша грант жеңіп алды. Осы қаражатқа ірімшік пісіретін цех және қажетті жабдық сатып алды.

Кәсіпкер сиыр сүтінен қатты ірімшік өндірісімен айналысады. Осы өндірістің артықышлығы – өзгеше әрі бірегей дәм беретін қақтау технологиясы пайдаланылады. Осындай ірімшікті дайындау технологиясы оңай емес, өнімді алу үшін бірнеше ай уақыт кетеді. Әзірге ірімшік өнімдері сақталып балауыз қабықтарда бабына келуде.  Ары қарай кәсіпкер кәсіпті кеңейтіп, ірімшікті баптайтын ағаштан жасалған ыдысты сатып алмақ.

Шикізатты әйел жергілікті халықтан сатып алады, ал дайын өнімді Щучинск, Бурабай шипажайының сауда  павиьондарынв сатады. Келешекте бизнес ханым елорда базарларына да өнімді өткізбек.

 Жалпы Ақмола облысында «Бастау» жобасы бойынша биыл 1927 адамды оқыту көзделген, осы ретте кемінде  385 жоба қорғалу керек, қазіргі таңда 272-сі жүзеге асты.

  ӨКП кәсіпкерлерді қаржылай емес қолдау бөлім бастығы Жанна Байқоңырованың айтуынша «Еңбек» Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасына республикалық бюджеттен 3 млрд теңге бөлінген. Оның ішінде «Бастау» жобасы бойынша 1 млрд 300 млн теңге игерілді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер