«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Көкшетауда «Қазақстанның үздік тауары» байқауының үздіктері анықталды

2018 жылғы 28 Шілде
- Ақмола облысы
5543 просмотров

«Қазақстанның үздік тауары» өңірлік көрме-байқауының қорытындысы Көкшетауда жасалды. Айта кетелік, биыл іс-шара ерекше форматта өтті. Байқау аясында алғаш рет «Ақмола өнімдері» атты көрме-жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Оған 150-ден астам ақмолалық тауар өндіруші қатысты.

Байқауға қатысуға ақмолалық 69 компания өтінім берді. Олардың ішінде «Таныс» АҚ, «КАМАЗ-Инжиниринг» АҚ, өңдеу өнеркәсібі мен құрылыс саласының кәсіпорындары – «Неруд-Көкшетау» ЖШС, «ENKI» ЖШС, «Сапа-Су» ЖШС бар.

Сонымен қатар байқауға қатысуға көпшілікке танымал «Бижан» ЖШС, «CAPITAL PROIECTS LTD» ЖШС, «Оско» ет өңдеуші кешен» ЖШС, «Сочинское» ЖШС, «Гормолзавод» ЖШС, «Нәтиже» ЖШС және басқа да компаниялар болды.

 «Өндірістік мақсаттағы үздік тауар» аталымында -20 компания, «Халыққа арналған үздік тауар» аталамына – 24, «Үздік азық-түлік тауары» аталымына -25 компания қатысты.

 Қорытындыда сарапшылық комиссия үздіктерді анықтады.

«Өндірістік мақсаттағы үздік тауар» аталымында жеңіске жеткендер:  

  1. «Таныс» акционерлік қоғамы. Қазіргі таңда өңіріміздегі өнеркәсіптік кәсіпорындардың ірісі. Өндірісі полиэтилен құбырларын жасауға бағытталған.
  2. «Sky Express Elevator kz» ЖШС. «Қазақстанның үздік тауары» байқауында алғаш рет лифт жабдығын өндіруші компания қатысып отыр.
  1.  «Сапа су» ЖШС. Компания темірбетон бұйымдарды жасайтын қазақстандық жаңа инновациялық зауыт.

«Халыққа арналған үздік тауар» аталымында жеңіске жеткендер:

1. «Ижевский» өндірістік кооперативі. Компания ұзақ жылдар бойы мал шаруашылығы өнімдерін, құс етін және дәнді дақылдарды өңдеуде жоғары көрсеткіштерімен танылған.

2. «Блэк» ЖШС.  Бұл кәсіпорынның өнімі кеңінен танымал. 1989 жылдан бастап кәсіпорын ағаштан ойып ұлттық аспаптар, бұйымдар мен басқа да тұрмыстық заттарды өндіреді.

3. «Добровольский А.» жеке кәсіпкерлігі. Кәсіпорын омарташылықпен айналысады, бұл бағыт ауыл шаруашылығында экспортқа бағытталған келешегі зор бизнес.

 «Үздік азық-түлік тауары» аталымында:

  1. «Интертрейд» ЖШС – Қазақстанда ұн өндіретін ірі компаниядардың бірі. келесі жылы компания 20-жылдық мерейтойын атап өтеді.
  2. «Бижан» ЖШС.  Өнімдерінің дәмділігі табиғи заттарды, солтүстік облыстағы отандық шикізатты қолдану арқылы жүзеге асады.
  3. «Гормолзавод» ЖШС. Көкшетаудағы бұрынна келе жатқан кәсіпорын. Бүгінде зауыт 40 түрлі өнім шығарады. Былтыр  «Гормолзавод» ЖШС осы аталым бойынша жеңіске жеткен.

   

Енді өңірлік кезеңде жеңіске жеткен 9 компания Ақмола өңірін «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-байқауында және «Қазақстанда жасалған» көрмеде қорғайтын болады. Республикалық финал Астана қаласында 12-13 қазан аралаығында өтеді.  

 

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер