«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Ақмола облысында «Қазақстанның үздік тауары» байқауына қатысу өтінімдерін алдын ала қарау басталды

2018 жылғы 26 Шілде
- Ақмола облысы
3604 просмотров

Өңірлік кәсіпкерлер палатасының алаңында сарапшылық топ отандық өндірушілердің байқауына қатысу үшін берілген өтінімдерді қарау жұмысын қолға алды.

Мемлекеттік органдар мен қоғамдық бірлестіктердің өкілдері, сапа менеджементін сертификаттау бойынша сарапшы-аудиторлар, салалық мамандар «Қазақстанның үздік тауары» өңірлік көрме-байқауына қатысушылардың қызметі мен материалын бағалады.

Ақмола облысынан байқауға қатысу үшін 69 өндіруші ұсыныс білдірген. Олардың қатарында ірі өнеркәсіптік кәсіпорын «Тыныс» АҚ, автокөлік техникасын өндіретін «КАМАЗ-Инжиниринг» АҚ, өңдеу және құрылыс саласында қызмет атқаратын «Неруд-Көкшетау» ЖШС, «ENKI» ЖШС, «САПА-Су» ЖШС бар.

Аталған байқауға бірінші рет лият жабдығын шығаратын «Sky Express Elevator kz» ЖШС өтінім білдірген. Сонымен қатар облыстағы аудандардан да өтінімдер келіп түсті.

Сонымен қатар өтінім иелері арасында «Бижан» ЖШС, «CAPITAL PROIECTS LTD» ЖШС, «Оско» етті қайта өңдейтін кешен» ЖШС, «Сочинское» ЖШС, «Гормолзавод» ЖШС, «Нәтиже» ЖШС қаралды.

Байқауға қатысудың басты белгісі – өндірілетін өнім сапасын қамтамасыз етудегі жетістігі, кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігі, сапаны басқаруда тиімділігі жоғары әдістерді қолдануы, халықаралық стандарттарды енгізу, тұтынушы сұранысын қанағаттандыру.

«Сарапшылық топтың қызметі өте жауапты, байқаудың өтуін шешеді. Сарапшылық қорытынды шығарғанда ең алдымен объективті көзқарас болуы керек, ал жұмысы ашық әрі жемісті атқарылуы тиіс», - деп атап өтті өңірлік палата басшысы Тимур Нақыпбеков.

Биыл «Қазақстанның үздік тауар» өңірлік көрме байқауы 28 шілде күні Көкшетау қаласындағы мәдениет сарайында өтеді. Байқау аясында «Ақмола өнімдері» көрме-жәрмеңкесі ұйымдастырылады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер