«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Көкшетауда алғаш рет «Ақмола өнімдері» ауқымды көрме-жәрмеңкесі өтеді

2018 жылғы 16 Шілде
- Ақмола облысы
5761 просмотров

Ақмола облысында «Қазақстанның үздік тауары» байқауының аясында алғаш рет өңірдегі тауар өндірушілердің өнімдері көрсетілетін «Ақмола өнімдері» көрме-жәрмеңкесін ұйымдастырылады

28 шілдеде Ақмола облысы кәсіпкерлер палатасы «Қазақстанның үздік тауары» өңірлік көрме-байқауының барысында «Ақмола өнімдері» жәрмеңкесін өткізеді. Өңірдегі 100-ге жуық өндірушінің өнімдері көрмеге қойылмақ. Бүгінде байқауға қатысу үшін Атбасар, Бурабай, Шортанды, Целиноград, Зеренді, Астрахань, Аршалы, Ақкөл аудандары мен Степногорск қаласынан 54 компания өтінім берген.

Көрме-жәрмеңкеде көпшілік назарына «Қазақстан Агроинвестициялық корпорация» ЖШС, «Гормолзавод» ЖШС, «CAPITAL PROJECTS LTD» ЖШС, «Ижевский» ӨК, «Компания КазЛес» ЖШС, «Aurora Garden Group» ЖШС, «AZAM-KC» ЖШС сынды компаниялар бастаған жергілікті тауар өндірушілердің өнімдері қойылады.

Жәрмеңкеде тұрғындар мен өңір қонақтары үшін тауар өндірушілерден ет, сүт, нан, кондитерлік өнімдер мен қолданбалы қолөнер бұйымдары, шаруашылық заттарын арзан бағамен алуға мүмкіндік жасалады.

Көрмеде лоторея ұтыс ойыны ұйымдастырылады. Жеңімпаздарға тұрмыстық техникалар мен сыйлық сертификаттары табысталады.

«Ауқымды шараны ұйымдастыра отырып ең алдымен стратегиялық мақсатты басшылыққа аламыз. Көрме – өнімді танытудың мүмкіндігі ғана емес, компанияны таныстырып, серіктестер тауып, жаңа бағытты ашудың, нарықтағы жағдай туралы мол ақпарат алудың оңтайлы мүмкіндігі. Бұл бизнесті кеңейтудің жолы. Әрине бір жерде тұтас өңірдің өнімін көріп, танысуға болады. «Жергілікті тауардың ауқымды нарығы» тұжырымдамасын іске асырудың үлгісін көрсетуге болады», – деп атап өтті Тимур Нақыпбеков.

Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» сыйлығын иеленуге арналған байқау мен «Қазақстанның үздік тауары» көрме-байқауы кәсіпкерлік саладағы ең беделді шара. Көп жылдан бері отандық компаниялар өнім мен қызметтегі сапа нәтижесін жақсартып, қауіпсіздікті сақтау, сапаны басқарудың тиімділігі жоғары әдістерін енгізуді қолға алып келеді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер