«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

«Қарбыз еліне» саяхат

2016 жылғы 05 Қыркүйек
- Павлодар облысы
17857 просмотров

Шаруаларға Лебяжі ауданындағы шаруа қожалығын үлгі ете отырып, қарбызды органикалық әдіспен өсіру тәсілі үйретілді

Лебяжі ауданын өңір тұрғындары «Қарбыз елі» деп атап кеткені баршаға мәлім. Себебі, мұнда республика бойынша қарбызды ірі көлемде өсіретін «Қайрат» шаруа қожалығы бар. Қожалықтың негізгі қызметтерінің бірі бақша өсімдіктерін өсіру болып табылады. Шаруа қожалығының иелігінде 10 мың га-дан астам жер бар. Жыл сайын бақша өсімдіктері (қауын, қарбыз, асқабақ) шамамен 1500 га-ға жерге егіледі. Шаруа қожалығы минералды тыңайтқыштар мен пестицидтерден толығымен бас тартқан. Мұндағы бақша дақылдары «органикалық өнім» деп аталуға толығымен лайық. Қожалықтың өнімі «Лебяжі қарбыздары» деген атаумен сұранысқа ие. Алдыңғы қатарлы кәсіпорын алқаптары бақша өсірудегі сұрыптаулардың үздік көрсеткіштеріне ие.

«Атамекен» ҚР ҰКП Агробіліктілік орталығының ұйымдастыруымен өткен семинардың теориялық дәрістерінде шаруаларға органикалық тәсілмен қарбыздың өнім көлемін арттыру жайы баяндалды. Семинардың тәжірибелік бөлімінде бау-бақша өсірушілер «Қайрат» ШҚ алқаптарын аралап, органикалық бақша өсіру тәжірибесін өз көздерімен көруге мүмкіндік алды. Мұнда шаруа қожалығы басшысы Қайрат Шапуов Қазақстанның және алыс-жақын шетелдердің бақша өсімдіктіктерін өсірудегі жетістіктерімен таныстырды. Мәселен, 2012 жылы шаруа қожалығы қарбыздың 24 түрін өсірсе, биылғы жылы оның 34 түрін өсіру  қолға алынған. Сонымен қатар, Павлодар облысында өсіруге болатын және болашақта егуге жарайтын қауын және қарбыздың түрлі сұрыптарынан дәс татылды. Шаруалар өңірде көкөніс-бақша өнімдерінің 44 сұрпы мен гибридтері, оның ішінде, 21  отандық сұрып (18 – ҚазКӨҒЗИ) пайдалануға рұқсат етілгенін біле алды.  

Сондай-ақ, шаруалар Павлодар Ертіс маңы алқаптық жер қыртысында богара жағдайында, бақша өсімдіктерін егу технологияларының ерекшеліктерімен (бақша егіс айналымы, бақша өсімдіктері тұқымдарын егу әдістері мен түрлері, өсімдіктер күтімі, бақша өнімін жинау) танысты.

ҚазҒЗИ көкөністер тұқымын алу және оларды егу технологиялары  бөлімінің меңгерушісі Жарас Мамырбеков органикалық егін шаруашылығына көп көңіл мен қыруар қаражат бөлінетінін айтып өтті. Органикалық егін шаруашылығының мақсаты – адамзатты қоршаған орта мен денсаулыққа зияны жоқ, экологиялық таза, жоғары сапалы азық-түлік өнімдерімен қамтамасыз ету. Органикалық егіншіліктің өзге егін шаруашылықтарынан басты айырмашылығы минералды тыңайтқыштар мен пестицидтерден толығымен бас тарту болып саналады.

Бақша өсіру шаруашылығымен қатар, «Қайрат» шаруа қожалығы ірі қара мал өсіру және азық-жем дайындаумен айналысады. Шаруа қожалығы жоғары санатты ауылшаруашылық техникасымен жабдықталған.

Болашақта шаруа қожалығы бақша өсімдіктерін өсіру алқаптарын 700 га-ға дейін өсіруді, бақша өсімдіктері бойынша тұқым шаруашылығын құруды, ауыл шаруашылығы техникасын көбейтуді, бригада құру және малға арналған азық-жем дайындау жұмыстары үшін ұйымдастыру жұмыстарын қолға алуды көздеп отыр.

Семинар нәтижелерін қорытындылай келе, шаруалар «жасыл» экономикаға көшу және органикалық егін шаруашылығын дамыту жөнінде көптеген тың мағлұматтармен танысқандарын атап өтті. Ол, өз кезегінде, өндірістің тиімділігіне, тұрғындарды жыл бойына азық-түлікпен толыққанды әрі үзіліссіз қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.


Ұқсас жаңалықтар:

Семинарлар сан саланы қамтыды
3 Қараша
2016
Ақмола облысы
Асыл тұқымды малға күтім қажет
6 Қыркүйек
2016
Қостанай облысы
Тегін семинардың пайдасы мол
6 Қыркүйек
2016
Батыс Қазақстан облысы

Еншілес ұйымдар

Серіктестер