«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Бизнесті дамытудың жаңа бағыты: Астанада «Атамекен» ҰКП Төралқа Төрағасының қатысуымен Business Talk өтті

2025 жылғы 01 Желтоқсан
940 просмотров

Астанада «Атамекен» ҰКП Төралқа төрағасы Райымбек Баталовтың қатысуымен Parasat бизнес-клубы резиденттеріне арналған Business Talk іс-шарасы өтті. Кездесуде Қазақстандағы бизнес ахуалының қалай өзгеріп жатқаны және қазіргі таңда қандай бағыттардың өзекті екені жөнінде ашық пікір алмасу болды.

Басқосу барысында Цифрлық бизнес картасына баса көңіл бөлінді. Қатысушыларға жаңа заманауи құралдың қалай жұмыс істейтіні және оның кәсіпкерлерге ұсынатын мүмкіндіктері таныстырылды. Бұл платформа – бизнес-реестрлерді, мемлекеттік сатып алулар деректерін, бағалау модульдерін, мемлекеттік қолдау шаралары туралы ақпаратты және басқа да маңызды үдерістерді біріктіретін бірыңғай цифрлық экожүйе. Ол шешім қабылдаудың базалық құралына, сондай-ақ мемлекет пен бизнес арасындағы өзара іс-қимылдың жаңа моделін қалыптастыруға бағытталған.

«Атамекен» ҰКП Төралқа төрағасы Райымбек Баталовтың айтуынша, бұл жүйе объективті талдаудың негізіне және салаларды ашық жоспарлаудың маңызды құрамдас бөлігіне айналады.

«Президент бизнестің әлі күнге дейін бюрократиялық рәсімдерге жиі тап болатынын атап өтті. Бұл кедергілер цифрландыру жүйесі төтеп бере алады. Цифрлық бизнес картасы – кәсіпкерлерге барынша ашық әрі қолайлы орта қалыптастыруға жасалған қадам. Бұл платформа отандық өндірушілерге сұраныс құрылымын анықтауға, жаңа мүмкіндіктерді көруге, қолдау шараларының тиімділігін талдауға және нарықтың нақты қажеттіліктеріне бейімделуге мүмкіндік береді. Мемлекеттік деректер базаларымен интеграцияның арқасында бизнес өндіріс, инвестиция және экспортты жоспарлауда нақты сараптамаға сүйене алады», – деді Райымбек Баталов.

Платформа кәсіпкерлерге мемлекеттік қолдау шаралары, өңірлік басымдықтар, инвестжобалар, қызмет түрлеріне қатысты міндетті талаптар, өнімге деген сұраныс деңгейі сынды маңызды мәліметтерге қол жеткізуге мүмкіндік береді. Сарапшылардың пікірінше, мұндай ақпарат кәсіпкерлерге даму стратегиясын неғұрлым дәл жоспарлап, қажетті шешімдер қабылдауға және жаңа нарықтық мүмкіндіктерді анықтауға көмектеседі.

Қатысушылар мұндай форматтағы кездесулердің бизнес өкілдеріне жүйелі мәселелерді тікелей талқылауға, экономикалық дамудың стратегиялық бағдарларын түсінуге және ортақ ұстаным қалыптастыруға мүмкіндік беретінін атап өтті.

«Бізге бизнес пен мемлекеттің бір цифрлық алаңда жұмыс істейтін жаңа платформаны таныстырды. Соның арқасында әр кәсіпкер жобалардың жүзеге асу кезеңдерін, құйылған инвестиция көлемін және қол жеткізілген нәтижелерді көре алады. Бұрын көптеген үдерістер ведомстволардың ішінде қалып, жұртшылыққа жариялана бермейтін. Енді барлық ақпарат қолжетімді. Бұл ашықтықты арттырып, бизнес пен мемлекет арасындағы өзара түсіністі нығайтады», - деді «Altyn Astyk Group» компаниялар тобының жетекшісі Артур Ахметов.

Business Talk барысында цифрландырудың бизнес пен мемлекет арасындағы өзара әрекеттесу тәсілдерін жаңа деңгейге шығарып, олардың байланыс форматын түбегейлі өзгертетіні нақты байқалды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер

405174