«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Оңайлатылған салық режиміне қатысты дау-дамай: бизнес неден қауіптенеді?

2025 жылғы 07 Қазан
376 просмотров

 Бизнес-қауымдастықтың пікірінше, оңайлатылған салық режимінде жұмыс істейтін шағын кәсіпорындар ірі бизнеске айналу мүмкіндігінен айырылады.

ҚР Ұлттық экономика министрлігі 2026 жылдан бастап оңайлатылған салық режимінен жалпыға бірдей белгіленген салық режиміне (ЖБР) көшуге тиіс 795 бизнес түрінің тізімін жариялады. Басқаша айтқанда, оңайлатылған салық режимі тек тікелей халыққа қызмет көрсететіндерге ғана қолданылады, ал басқа бизнес одан тыс қалады.

Кәсіпкерлер мен сарапшылар келесі бизнес түрлері тізімнен әділетсіз шығарылғанын айтады:

- Нан өнімдері мен жануарларға арналған жемшөптер, себебі олар халықпен тікелей жұмыс істейді деп танылған;

- Ауылдарда интернет тартумен айналысатын, білім беру, IT және әлеуметтік салалардағы шағын және орта бизнестер және т.б.

Қаржылық салдарлары:

ЖБР-ге көшу дегеніміз бухгалтерлік есеп жүргізуді, ҚҚС төлеуді білдіреді, ал 2026 жылдан бастап оның мөлшерлемесі 12%-дан 16%-ға дейін өседі. Сарапшылар инфляция мен ҚҚС әсерінен кей салаларда баға он пайызға, тіпті одан да жоғарыға көтерілуі мүмкін дейді.

Бизнес-қауымдастық мұндағы басты кемшілік оңайлатылған салық режимінде жұмыс істейтін шағын кәсіпорындардың ірі бизнеспен, мысалы, банктермен ынтымақтастығын жоғалтуында деген пікірде. Үлкен компанияларға олармен жұмыс істеу тиімсіз, себебі ҚҚС бойынша өзара есеп айырысу мүмкіндігі жоқ. Салық органдары операцияларды бақылаудың оңай екенін ескерткелмен, кей кәсіпкерлер салық төлеуден жалтару үшін заңсыз жұмысқа көшуі мүмкін деген қауіп бар.

«Атамекен» ҰКП Үкіметпен кездесу өткізуді жоспарлап, өз дәлелдерін ұсынуға дайындалуда, содан кейін құжаттың соңғы нұсқасы әзірленеді.

Толығырақ «Евразия» телеарнасының «Аналитика» бағдарламасында


Еншілес ұйымдар

Серіктестер

405174