Жергілікті тауар өндірушілерді қолдау: кездесулер, талдау, даму
Ұлытау облысының Кәсіпкерлер палатасында Қазақстанның индустрия және экспорт орталығы – «Qazindustry» АҚ, «Қазақмыс» ЖШС, «Qarmet» металлургия комбинаты, ERG компаниялар тобы және жергілікті тауар өндірушілердің өкілдерінің қатысуымен жұмыс отырысы өтті.
Кездесудің басты тақырыбы – өңірлік өндірістерді дамыту мен кеңейту жолдарын, бизнес пен мемлекет арасындағы өзара іс-қимылды күшейтуді, сондай-ақ өңірде шығарылатын өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру мәселелерін талқылау болды.
Ірі өнеркәсіптік кәсіпорындардың өкілдері өз тәжірибелерімен бөлісіп, импортты алмастыру мен өндірісті жергіліктендіру бағдарламалары аясында жергілікті кәсіпорындармен ынтымақтастық орнатуға дайын екендіктерін білдірді. Ал өз кезегінде өңірдің тауар өндірушілері нарыққа шығу кезінде кездесетін өзекті мәселелерді және қызметтерін кеңейтудің болашағы бар бағыттарын атап өтті.
Кездесуде мемлекеттік қолдау шараларына – жеңілдіктер беру, субсидиялау және «Qazindustry» АҚ арқылы жүзеге асырылатын әртүрлі индустриялық бағдарламаларға қатысу мәселелеріне ерекше назар аударылды. Сондай-ақ ірі компаниялар мен жергілікті жеткізушілер арасында ұзақ мерзімді келісімшарттар жасасу мүмкіндіктері қарастырылды, бұл өңірлік экономиканың дамуына елеулі үлес қоса алады.
Қатысушылардың пікірінше, мұндай кездесулер бизнес пен мемлекет арасындағы байланысты нығайтудың, сондай-ақ кәсіпкерлер мүдделерін өңірлік және республикалық деңгейде ілгерілетудің маңызды алаңы болып табылады.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: