«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

«Қазақстанның үздік тауары» және «Бір ауыл – Бір өнім» өңірлік көрме-байқауларында 100-ден аса кәсіпкер өз өнімін ұсынды

2025 жылғы 02 Шілде
- Қызылорда облысы
261 просмотров

Бүгін "Өнер орталығында" жергілікті тауар өндірушілердің қатысуымен «Қазақстанның үздік тауары - 2025» және жергілікті шикізаттан өндірілетін «Бір ауыл –Бір өнім» өңірлік көрме-байқаулары өтті.

Салтанатты шараны облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев ашып, өңіріміздің бизнес саласындағы жетістіктерін айтып өтті.

«Қазақстанның үздік тауары» өңірлік көрме-байқауы – Мемлекет басшысының бастамасымен тұрақты түрде өткізіліп келе жатқан, отандық өнім әлеуетін арттыруға, ұлттық брендтерді қалыптастыруға бағытталған мемлекеттік бастаманың нәтижесі. Бұл бастамаға өңіріміздің кәсіпкерлері мен тауар өндірушілері белсенді қатысуда. Бүгінгі аймақтық конкурстың жеңімпаздары республикалық байқауда үздіктер қатарынан көрініп, Сыр өңірінің мерейін үстем етеді деп сенеміз! Ендеше барша қатысушыға сәттілік тілеймін» деді аймақ басшысы.

Соңғы жылдардағы аймаққа тартылған ивестиция мен жасалқан ауқымды істер баршылық. Осы орайда Қазақстан Республикасының Мәжіліс депутаттары Мұрат Әбенов пен Мархабат Жайымбетов өз құттықтау сөзінде өңір жетістіктерімен мақтана бөлісті.

Мемлекет басшысының Жарлығымен 2006 жылдан бастап елімізде жыл сайын өңірлік және республикалық деңгейде «Қазақстанның үздік тауары» көрме-байқауы өткізіліп келеді. 2015  жылдан бастап аталмыш байқауды «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы ұйымдастыруда. Байқауға қатысуға ынта білдіріп, белсенділік танытып жүрген кәсіпкерлердің саны жылдан-жылға артып келеді. Бүгінгі көрмеге облысымыздың барлық аудандары мен Қызылорда қаласынан 60-тан аса кәсіп иесі қатысты.  

Көрме аясында өткен Комиссия отырысының шешімімен 9 жеңімпаз анықталып, үш номинация бойынша облыс әкімінің Алғыс хатымен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Жеңімпаз компаниялармен таныс болыңыздар:

«Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар» номинациясымен:

  1.  «Агрохимсервис-C» ЖШС «тыңайтқыштар өндірісі»;
  2. «Компания Гежуба Шиелі Цемент» ЖШС - цемент өндірісі;
  3. «Orda Glass LTD» ЖШС  «Шыны өндірісі»

«Халыққа арналған үздіктауарлар» номинациясымен:

  1.  «Панабек» ЖШС - жиһаз өндірісі;
  2. «Сыр жиһазы KZ» ЖШС - жиһаз өндірісі;
  3. «Арт-группСервис» ЖШС - емдік сабын өндірісі.

  «Үздік азық-түлік тауарлары» номинациясымен:

  1. «Асыл дән LTD» ЖШС - күріш өндірісі;
  2. «ТаңLTD» ЖШС - күріш өндірісі;
  3. «ALBARAKAT DISTRIBUTION» ЖШС - жартылай фабрикат өнімдері.

Сонымен бірге барша көрмеге қатысушы бизнес өкілдері марапат төрінен көрініп, үздіктері арнайы номинация иеленді.

 «Қазақстанның үздік тауары – 2025» өңірлік көрме-байқауымен қатар жергілікті шикізаттан өнім шығарумен айналысатын кәсіпкерлерді қолдау мақсатында «Бір ауыл – бір өнім» көрмесі өтті.

Жобаның басты міндеті – ауыл тұрғындарының кәсіпкерлік әлеуетін арттыру, яғни қолда бар жергілікті шикізатты пайдаға асыра отырып, өнім өндіру, елді мекендерде жұмыс орнын ашып, халықтың әл-ауқатын арттыру. Бүгін көрмеге 45 кәсіпкер қатысып, өңір тұрғындарын өз өнімдерімен таныстырды.

Алдағы уақытта «Бір ауыл - Бір өнім» жобасын Палата жанынан құрылған жұмысшы топ бағалап, үздік деп танылған 10 тауар өндірушінің өнімін бренд-комитеттің қарауына ұсынады. Нәтижесінде анықталған 3 жеңімпаз республика деңгейінде облыс абыройын қорғайтын болады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер