ӨӨК жаңа төраға орынбасары сайланды
Қазақстан Республикасы «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Төралқасының Өңдеу өнеркәсібі комитеті (ӨӨК) кезекті отырысын өткізді. Отырыста ашық дауыс беру арқылы Комитет мүшелері бірауыздан Даурен Катрановты төраға орынбасары етіп сайлады.
Жаңа төраға орынбасарының сайлануы – Қанат Ибраев төрағалық ететін ӨӨК қызметі жаңа кезеңінің басталуымен байланысты. Жаңадан сайланған екінші орынбасар өңірлік кәсіпкерлер палаталарының салалық кеңестерімен өзара іс-қимыл бағытын, сондай-ақ жаңа салаларды қамтуды үйлестіретін болады.
Даурен Катранов — 2012 жылы М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің экономика және бизнес мамандығы бойынша бакалавриат, ал 2013 жылы А. Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің құқық магистрі дәрежесін иеленген. Қазіргі уақытта ол «Қазақстанда қарапайым заттар экономикасын дамыту қауымдастығы» ЗТБ және ЖК төрағасы, сондай-ақ халық тұтынатын тауарлар өндірісіне маманданған «Радуга» ЖШС-нің Бас директорының орынбасары қызметін атқарады.
Жаңа лауазымда Катранов өңірлермен жұмысты күшейтуге, «Атамекен» ҰКП «bottom-up» қағидатын ұстануға және Комитет жұмысы аясында тиімді коммуникация мен міндеттерді шешудің тетіктерін ұсынуға ниетті.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: