«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Mangystau Future 2025 — өңірге инвестиция тарту мәселелерін талқылауға арналған алаң

2025 жылғы 17 Мамыр
800 просмотров

Ақтауда MangystauFuture 2025 өңірлік инвестициялық форумы өтті. Іс-шараны Маңғыстау облысының прокуратурасы әкімдік пен «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының қолдауымен ұйымдастырды. Форумда 50-ден астам инвестор және 100-ден аса кәсіпкер, орталық мемлекеттік органдардың өкілдері, депутаттар, қоғам қайраткерлері мен квазимемлекеттік сектордың өкілдері бас қосты.

Жиынға қатысу үшін Ақтауға келген «Атамекен» ҰКП Басқарма төрағасы Райымбек Баталов Маңғыстау облысының мықты ресурстар жиынтығы, дамыған инфрақұрылымы мен адам капиталының стратегиялық ролін атап өтті. Ол мемлекет, бизнес және инвесторлардың біріккен күштерінің арқасында еліміздің орнықты дамуына, оған инвестиция тарту және негізгі салаларды жаңғырту үшін қолайлы жағдай жасалғанын айтты.

Осындай ірі жобалардың бірі — «Каламқас-Хазар» кен орнын игеру. Бұл жоба аясында 81 млн тонна мұнай мен 22 млрд текше метр газ өндіру жоспарланған. Жалпы инвестиция көлемі шамамен 6,4 млрд АҚШ долларын құрайды. Кен орнын игеру кезеңінде 2 000-ға жуық жұмыс орны құрылмақ. Кейін сонда 200-ге дейін тұрақты жұмыс орны ашылатын болады.

Сонымен қатар, Палата Басқарма төрағасы Жаңаөзен қаласында газ өңдеу зауытын салу жобасы туралы айтып өтті. Бұл жоба өңірдің энергия тиімділігін арттырып, терең өңделген өнеркәсіптік өнімдермен қамтамасыз етуге және атмосфераға залалды заттардың шығарылуын азайтуға мүмкіндік береді.

Бұған қоса, мұнай компаниялары кен орындарын жаңғыртып қана қоймай. Олар қалалық инфрақұрылымды дамытуға бағытталған әлеуметтік маңызы бар жобаларды іске асыруда. Мұнай өндіру кезінде газ-поршеньді электр станциясы мен жерасты суларын тұщыту қондырғысы сияқты инновациялық технологиялар енгізілуде.

Прокуратура жүзеге асырып жатқан «Прокурорлық сүзгі» жобасының маңызы ерекше атап өтілді. Бұл жоба қызметі - бизнеске негізсіз қысым көрсетуді болдырмау, кез келген шектеу шаралары тек қадағалаушы органдардың келісімімен ғана қабылдау ретін ұйымдастыру. Бұл кәсіпкерлер мен мемлекеттік органдар арасындағы қатынастардың ашықтығы мен заңдылығын қамтамасыз етеді.

Сондай-ақ Райымбек Баталов ҚР Ұлттық экономика министрлігімен бірлесіп әзірленген Бизнестің цифрлық картасын таныстырды. Бұл онлайн-платформа кәсіпкерлерге өзекті сервистер мен мемлекеттік қолдау шаралары туралы ақпаратқа қол жеткізуге мүмкіндік береді. Ал мемлекеттік органдар одан бизнестің жағдайын және оның әлеуетін талдайтын ақпаратты ала аладыі. Платформаға кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімін, инвестициялық картаны, дэшбордты және басқа да құралдарды қосылған.

Маңғыстау облысының прокуроры Айдос Майлыбаев өңірдің Батыс Қазақстандағы басты инвестициялық әрі туристік орталыққа айналады деген үмітімен бөлісті. Оның айтуынша, қолайлы инвестициялық климат тек жаңа жұмыс орындарын ашу және инфрақұрылымды дамытумен шектелмейді.  Бұған қоса туризм индустриясы да өседі. «Заң және тәртіп» қағидаты аясында прокуратура кәсіпкерлердің заңнаманы дұрыс түсіну және оны орындаулуын қамтамасыз ету, ашық қарым-қатынастарды орнату үшін бар күш-жігерін жұмсайды.

Өз кезегінде, Ұлттық палата басшысы кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау мен инвестициялық саясатты дамытуға бағытталған бастамаларға «Атамекеннің» толық қолдау көрсетуге дайын екенін растады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер