«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Құқық пен құрылыстың қиылысында

2025 жылғы 14 Мамыр
- Абай облысы
478 просмотров

Абай облысының Кәсіпкерлер палатасында кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өтті.

Мақсат – кәсіпкерлер мен мемлекет арасындағы өзара сенім мен әділдікке негізделген диалог құру.
Кеңестің күн тәртібінде – Семей қаласында заң талаптарына сай келмейтін, сүрілуі тиіс деп танылған көппәтерлі тұрғын үйлер мәселесі қаралды.
Бұл мәселе бір ғана құрылыс саласына қатысты емес. Ол – кәсіпкерлердің заңды құқықтары, қала тұрғындарының қауіпсіздігі, мемлекеттік бақылау тетіктері және бизнес ортасының тұрақтылығы сынды бірнеше маңызды бағыттарды қамтиды.

Кеңес мүшелері осы үйлерді салған кәсіпкерлердің іс-әрекеттеріне қатысты нақты деректермен бөлісіп, әр тараптың жауапкершілігі мен құқығы заң шеңберінде қалай қорғалуы тиіс екенін талқылады.

Аталмыш кеңес қорытындысы бойынша ұсыныстар мен шешімдер әзірленіп, тиісті мемлекеттік органдар мен мүдделі тараптарға жолданатын болады.

Кәсіпкердің заң бұзбауы – оның міндеті. Ал адал кәсіпкердің құқығын қорғау – біздің ортақ парызымыз.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер