«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Жаңа классификатор мен тауарлар каталогы – қазақстандық бизнестің ашықтығы мен өсуіне жасалған қадам

2025 жылғы 05 Мамыр
1003 просмотров

ҚР Қаржы министрлігінің «Электрондық қаржы орталығы» АҚ алаңында тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің жалпы жіктеуішін және Ұлттық тауарлар каталогын енгізуге арналған жұмыс кеңесі өтті. Шараны ҚР Сауда және интеграция министрлігі ұйымдастырды.

Басқосуға «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының құрылыс және жер қатынастары, тауардың шығу тегін сертификаттау, өңдеу өнеркәсібі және мемлекеттік сатып алу департаменттерінің директорлары, Сауда және интеграция министрлігінің, ҚР СИМ Техникалық реттеу және метрология Комитетінің, «Қазақстан стандарттау және метрология институты» РМК және «Электрондық қаржыландыру орталығы» АҚ-ның өкілдері  қатысты.

Мемлекеттік сатып алу, жоспарлау және сауда қызметі жүйесіне жіктеуіш пен Ұлттық тауарлар каталогын енгізу сатып алу процестерін оңтайландыруға, қазақстандық тауар өндірушілер үшін тапсырыстар көлемін кеңейтуге және тауарлар мен қызметтерді есепке алудың бірыңғай және ашық жүйесін қалыптастыруға бағытталғанын атап өткен жөн.

Өнім ассортиментін жүйелендіру отандық өндірісті дамытудың маңызды қадамы болып табылады, басқалармен қатар құрылыс материалдарын, конструкцияларын, жабдықтар мен бұйымдарды қамтитын бірыңғай жіктеуіш құру құрылыс жобаларын жүзеге асыруда отандық тауар өндірушілердің үлесін айтарлықтай арттырады.

«Ұлттық палата бизнес пен мемлекеттің тиімді өзара іс-қимылына ықпал етіп, жобаны іске асырудың барлық кезеңдерінде қолдау көрсете отырып, осы үдеріске белсенді қатысуға дайын», - деп мәлімдеді ҰКП өкілдері.

Жіктеуішті енгізу заманауи сатып алу инфрақұрылымын қалыптастыруға маңызды серпін болады және Қазақстандағы кәсіпкерлік белсенділіктің өсуіне ықпал етеді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер