«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Астана қаласының Кәсіпкерлер палатасы мен «Қазақстан Даму қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі арасындағы өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

2025 жылғы 10 Сәуір
- Астана қаласы
1084 просмотров

Астанада «Атамекен» Астана қаласының Кәсіпкерлер палатасы мен «Қазақстан Даму қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. 

Меморандумның мақсаты – іскерлік қауымдастық пен азаматтық сектор арасындағы тұрақты әріптестікті дамыту. Тараптар әлеуметтік жауапкершілікке, құқықтық мәдениетті арттыруға, азаматтық белсенділік пен жастар мен білім беру бастамаларын қолдауға бағытталған бірлескен жобалар аясында ынтымақтасуға уағдаласты. Астана қаласы Кәсіпкерлер палатасының директоры Қанат Әлин атап өткендей, қазіргі таңда азаматтық сектормен әріптестіктің маңызы артып отыр.

Бизнестің де, ҮЕҰ-ның да қоғам игілігі үшін бірлесіп жұмыс істеуіне мүмкіндігі де, міндеті де бар деп есептейміз. Әлеуметтік бастамаларды қолдау, бизнесті қоғамдық маңызы бар мәселелерді шешуге тарту – бұл әлеуметтік жауапкершілікті дамытумен қатар, орнықты іскерлік ахуалды қалыптастырудың да жолы, – деді ол.

Қол қойылған құжатқа сәйкес, тараптар форумдар, тренингтер, семинарлар, білім беру бағдарламалары мен талдамалық зерттеулер өткізуді жоспарлап отыр. Тәжірибе алмасуға, табысты кейстерді ілгерілетуге және бірлескен ақпараттық науқандарға ерекше назар аударылатын болады. «Қазақстан Даму қауымдастығы» ЗТБ атқарушы директоры Анар Битебаеваның айтуынша, бизнес құрылымдарымен өзара іс-қимыл ҮЕҰ-ға негізгі әлеуметтік үдерістерге ықпал ету мүмкіндігін кеңейтеді.

Күшімізді біріктіре отырып, қоғам алдындағы маңызды міндеттерді тиімді шеше аламыз. Бұл – әлеуметтік тұрақтылық пен азаматтық белсенділікті арттыру арқылы нақты өзгерістерге қол жеткізу мүмкіндігі, – деді ол.

Меморандумға қол қойылуы бизнес пен үшінші сектор арасындағы тиімді ынтымақтастық моделін құру жолындағы маңызды кезең болды. Тараптар бірлескен күш-жігер тұрақты даму, қоғамдық прогресс пен елдегі өмір сапасын арттыру бағытында жаңа мүмкіндіктер ашатынына сенім білдірді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер