«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Ұлттық палатаның туризм саласының проблемаларын шешудегі жетістігі

2025 жылғы 28 Наурыз
3956 просмотров

7 қарашада өткен Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Съезінен кейінгі төрт айдың ішінде Ұлттық кәсіпкерлер палатасы туристік бизнестің маңызды мәселелерін сәтті шешті.

2024 жылғы Съезде айтылған саланың 20 негізгі проблемасының қатарында балалар туризмі мен лагерьлерін дамыту, курорттық аймақтарға көлік бағыттарын жақсарту, сондай-ақ жаңа туристік орындар үшін жер және инфрақұрылым мәселелерін шешу бар. Алты сұрақ аймақтық сипатына немесе кәсіпкерлік субъектілерінің тең қолжетімділігін қамтамасыз ету бөлігінде ҚР мемлекеттік сатып алу саласындағы заңнамасына қайшы болуына байланысты алынып тасталды.

Қалған 15 мәселенің алтауы мемлекеттік органдармен бірлескен жұмыстың арқасында сәтті шешілді. Негізгі жетістіктердің бірі туристік маусымда теміржол көлігі үшін жағдайдың жақсаруы болды. Осылайша, Алакөл көліне баратын барлық бағыттар сақталып, вагондар жаңартылып, туристер үшін маршруттар кеңейтілді.

«Алматы-Алакөл және Астана-Алакөл бағыттарындағы ескі вагондар заманауи, ыңғайлы вагондарға ауыстырылады. Ішкі туризмге назар аударылуда: бұрыннан бар вагондардан бөлек, Бурабайға 6 жаңа электр пойызы қосылды. Бір қызығы, вагондардың 94 пайызы қазақстандық дизайн», - дейді ҰКП Туризм басқармасының мамандары.

Бұл ретте 2025 жылы рейстер географиясын кеңейту және субсидияланатын рейстердің санын ұлғайту үшін Көлік министрлігі Қаржы министрлігіне 47 ұсыныс, оның ішінде кәсіпкерлік субъектілері мен «Атамекен» ҰКП ұсыныстарын жолдады. Нәтижесінде 26 бағыт бекітілді, оның ішінде Үшарал-Астана және Үшарал-Алматы бағытында тарифі 18 мың теңге және жазда аптасына 7 рейс жиілігі бар.

Ұлттық палатаның бастамасымен алғашқы іс-шаралар күнтізбесі жасалғанын да атап өткіміз келеді. «KazakhTourism» ҰК АҚ сайтында орналасқан күнтізбе саяхаттарды алдын ала жоспарлауға және туристер үшін тартымды пакеттер жасауға мүмкіндік береді.

2024 жылдың қараша айынан бастап Алматы облысында сәулет-жоспарлау тапсырмасын алу мәселесі мен Алатау қаласындағы АЭА аумағындағы жер телімдерін жалға беру мерзімін ұзарту мәселесі де жойылды.

Палата Алакөл курорттық аймағын дамытудың Жол картасын жүзеге асыру, Сайрам-Өгем ұлттық саябағындағы жер тарифтерін қайта қарау, «Ұлытау» саябағының Бас жоспарын әзірлеу және балаларды сауықтыру орталықтары мен геопарктерді құру мәселелері бойынша жұмысты жалғастыруда.

Айта кетейік, 2023 жылғы Съезде туризм саласы кәсіпкерлері айтқан 19 проблемалық мәселенің 12-сі сәтті шешіліп, 5 мәселе мемлекеттік органға жолданды және екі мәселе ұзақ мерзімді сипатта. Мәселелердің бірі маусымдық кадрларды курорттық аймақтарға тартуға қатысты. Салалық заңнама шеңберінде кадрлық мәселелерді шешуге жаңа серпін беретін «маусымдық орналастыру» түсінігін енгізу жоспарлануда.

Естеріңізге сала кетейік, біз бұған дейін 2024 жылы ҰКП Съезінен кейін шешілген бизнес мәселелерін егжей-тегжейлі қарастырған болатынбыз. Ақпан айында 204 мәселенің 23-і шешілді, бұл өзекті мәселелерді шешудегі алға жылжуды көрсететін маңызды нәтиже. 141 проблема әлі де қарастырылуда. Бұл бизнестің алдында тұрған қиындықтардың ауқымы мен күрделілігін көрсетеді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер