«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Тәлімгерлік жүйесі: тәжірибелі қызметкерлер аспаздық құпиямен бөліседі

2025 жылғы 26 Наурыз
- Шығыс Қазақстан облысы
906 просмотров

Өскемендегі «Пицца блюз» кафесінің басқарушылары Виктория Донская мен Лариса Костарева тамақтану саласына қалай келіп, тәжірибе жинақтағанын айтып берді, енді студенттерге асүйді жақсы көруге және мамандықта мәңгі қалуға көмектесуде.

Қыздар ШҚО Кәсіпкерлер палатасы жанындағы тәлімгерлік мектебінде оқыды және қазір сертификатталған тәлімгерлер болып табылады.

Виктория Донскаяның аспаздық ісіне қызығып, 2004 жылы Өскемендегі маңызды орындардың біріне жұмысқа тұруға келіп, қалып қойды.

Мен сенуге болатын қарапайым нәрселерден бастадым.

«Тағылымдамадан өткенен кейін дайын өнімді безендіруші болдым. Жыл бойы қонақтарымыздың тапсырысы бойынша тағамдарды безендірдім. Маған өте қызықты болды. Аспаз шедеврлер жасайды. Мен де аспаз болу үшін оқуға түстім. Дипломды алған соң қызметімді жоғарылатып, аспаз болдым. Бұл қызметте 15 жылдан астам уақыт болдым», - деп еске алады Виктория.

Ол осы уақыт ішінде көптеген студенттерге тәлімгер болғанын, олар кейін сол кәсіпорында жұмысқа қалғандарын атап өтті.

«Тәлімгердің маңыздылығын түсіне отырып, балаларға барынша кәсіби тәжірибемді ғана жеткізуді емес үлгі болуға да тырыстым. Сіз шәкірттер үшін әрі анасыз, әрі ұстазсыз. Сенің әрекеттеріңнен, кеңестеріңнен және жай ғана мақұлдауыңнан балаларда нәтижелер мен жұмыс істеуге, ең бастысы, жасап шығаруға деген құлшыныс пайда болады. Ал егер студент біздің кәсіпорында   жұмыс істеу үшін қалатын болса, онда бұл біздің бірге жеткен нәтижеміз болады», - дейді Виктория Донская.

Виктория студенттерге аспаздық өнерді үйретіп қана қоймайды. Әкімші болғанда даяшыларды дайындады.

Викторияның айтуынша, тәлімгерліктегі басты және маңызды нәрсе - түсіндіру, айту, көрсету және есту білу. Егер студент сізге бүкіл академиялық кезеңде үш жыл қатарынан келсе, бұл сіздің жетістікке жеткеніңізді, сіз балалармен байланыс орнатқаныңызды білдіреді.

Виктория Донская кәсіпқойлар бірден көрінетініне сенімді.

«Тағамды дайындаудың барлық кезеңдерін бірден қабылдайтын студенттер бар: олар кесуге, жасау процесіне және безендіруге қызығушылық танытады. Ондай адамдар кәсіпте қалады. Анасы мәжбүрлеген немесе әжесі кеңес бергендерге өмірде пайдасына жаратады, сәйкесінше, олар көбінесе қалмайды, тек білім алу үшін ғана бітіреді», - деп атап өтті Виктория.

Виктория балалардың кішкентай жетістіктерге қуанып, әсіресе қонақтардан кері байланыс алған кезде, шабыттана бастайтынына назар аударады.

«Дуалды оқыту өте жақсы нәтиже көрсетті. Кәсіпкер қызметкерді таңдауға және оны өз қажеттіліктері бойынша оқытуға құқылы. Бұл болашақ қызметкер дайын болғанда, сіздің талаптарыңызды білгенде және тағылымдамасыз жұмысқа кіріскенде өте ыңғайлы», - деп атап көрсетеді Виктория Донская.

Оны Лариса Костарева да қолдайды.

«Әр оқушыға өзіндік көзқарас қажет. Оған оның біздікі, өзіміздікі екенін көрсетуге тырысасың.    Шынында да өз балаңызға дегендей көзқарас болу қажет, Олраға үйрету, айту, қателіктерін көрсету керек. Әр қайсысына көзқарас табуға, олар ренжімейтіндей етіп түсіндіруге, олардан да көп нәрсе талап етілетінін жеткізуге тырысасың», - дейді «Пицца блюз» кафесінің менеджері Лариса Костарева.

Лариса бір кездері тәжірибесіз жұмыс істеуге келгенін, осы желіге тапсырыс жасаушы болып жұмысқа орналасқанын еске алады.

«Тәжірибем болмағандықтан мені аспаз ретінде алған жоқ, - деп бөлісті Лариса Костарева - Бірақ жұмыс барысында бәріне үйренедім – жинақтаушы, безендіруші, кассир. Баристаға оқыдым. Кофе, коктейлдер, суреттер: жұмыс өте қызықты және тартымды.  Кейіннен қызметкерлерді, бармендерді, даяшыларды оқыта бастадым» - деп әңгімесін жалғастырды қыз.

Лариса оқушыларда қорқыныш жиі болатынын атап өтті, егер... мен тағамды дұрыс бермеймін, сындырамын, т.б.

«Біз бәрін әзілге аударуға тырысамыз, қорықпаңыз, бақыт үшін, бәрі ойдағыдай болады, бәрі де солай болған, ештеңе болмағандай кейіп танытып залда жұмыс істеуіңді жалғастыра бер дейміз", - деп құпиясымен бөлісті  Лариса Костарева.

Аспаз мамандығы әрдайым сұранысқа ие және әрқашан өзекті болады.

Біріншіден, бұл өте қызықты және тартымды: дәмді тамақ дайындау, әдемі пісіру, - деп назар аударады Лариса.

«Қазіргі уақытта әртүрлі тағамдар мен біріктіруге болатын немесе үйлеспейтін өнімдер өте көп. Ал бұл тепе-теңдікті табу, дәмнің тепе-теңдігін табу өте қызықты, сондықтан аспаз мамандығы әрқашан сұранысқа ие болады», - дейді Лариса Костарева.

Олардың шәкірттері, ал қазір «Пицца блюз» кафелер желісінің толыққанды қызметкерлері тәлімгерлік жүйесінің мамандықты меңгеруде және аспаздық шеберлігін үйренуде үлкен көмегін тигізетініне анық сенеді.

Bar BQ мейрамханасының аспазшысы Елена Зеленина тәлімгерлер бәрін үйретіп, көрсетіп, егжей-тегжейлі түсіндіріп отырғанын айтады. Олардың көмегінсіз қиын және қорқынышты болар еді.

Дана Жақсылықова тәжірибеге келгенде өзінің дұрыс жерге түскенін түсінді.

«Маған бәрі бірден ұнады, мен бұл жерден кеткім келмеді. Қазір мен пирогтар жасап жатырмын», - дейді қыз.

Дана тапсырыс көп болған сайын, тағам адамдарға ұнайтынын түсінеді.

Қазір айналада бәсекелестік көп, ал қонақтар бізге келіп, қайта-қайта тапсырыс береді.

«Кішкентай кезімнен кондитер шебері әжемнен үлгі алып, аспаз болғым келді. Әрқашан оған көмектестінмін. Жалпы, мен көп нәрсені үйренгіп кең профильді маман болғым келеді», - деп жоспарларымен бөлісті Дана Жақсылықова.

Тәлімгерлік жүйе оларға барлық қиындықтар мен қорқыныштарды жеңуге көмектеседі деп сенеді қыздар. Кәсіби маман болу қиын емес: тәжірибелі тәлімгерлерді тыңдау керек, жалқау болма, сонда бәрі ойдағыдай болады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер