«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Бизнес теміржол тасымалы тарифтерінің қымбаттауына алаңдаушылық білдіруде

2025 жылғы 07 Наурыз
- Астана қаласы
1775 просмотров

Астана қаласы Кәсіпкерлер палатасы алаңында «Көлік және логистика» салалық кеңесінің отырысы өтіп, онда сала өкілдері үшін өзекті мәселелер талқыланды.

Кәсіпкерлер мен сала сарапшыларының басты назарында магистральдық теміржол желісі (МТЖ) қызметтерінің тарифін көтеру мәселесі болды. Кеңес қатысушылары бұл өзгерістің бизнеске ықтимал әсерін қарастырып, тәуекелдерді азайтуға бағытталған шараларды талқылады.

«Бұл өсім 1,5-тен 3 коэффициентке дейін өзгереді, нәтижесінде тасымалдау құны айтарлықтай қымбаттайды. Егер нақты сандарды қарастырсақ, бір вагон өнімнің тасымалдау құны 500 мыңнан 1,5 миллион теңгеге дейін өседі. Бұл бизнес үшін үлкен салмақ әрі бірқатар жағымсыз әсерлерге әкелуі мүмкін», – деп атап өтті «Көлік және логистика» салалық кеңесінің мүшесі Қанат Көбесов.

Кеңес отырысында қаралған тағы бір маңызды мәселе – «Көлік және логистика» кеңесінің ұйымдастырушылық қызметі. Қатысушылар кеңестің тиімділігін арттыруға бағытталған өзара іс-қимыл және үйлестіру механизмдерін талқылады. Жиын барысында кәсіпкерлік қауымдастық өкілдері пікір алмасып, саланың дамуына ықпал ететін шешімдер ұсынды. Кәсіпкерлер көтерген барлық сұрақтар мен бастамалар орталық мемлекеттік органдарға жолданып, оларды жедел қарау және шешу бойынша тиісті жұмыстар жүргізіледі. Астана қаласы Кәсіпкерлер палатасы бизнес үшін қолайлы жағдай жасап, экономиканың түрлі салаларын дамытуға белсенді түрде атсалысуда.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер