«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Астанадағы жеке мектептер білім беруді қаржыландырудағы өзгерістерді талқылады

2025 жылғы 21 Ақпан
- Астана қаласы
216 просмотров

Астана қаласының Кәсіпкерлер палатасында елорданың жеке мектептері өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел өтті.

Кездесудің негізгі тақырыбы мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру ережелеріндегі өзгерістер, атап айтқанда, оның 250 АЕК-ке дейін шектелуі болды. Кәсіпкерлердің пікірінше, жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру – білім беру жүйесін қолдаудың негізгі тетіктерінің бірі. Ол жеке мектептерге сапалы білім беруге, оқыту деңгейін жоғары ұстауға және инфрақұрылымды жақсартуға мүмкіндік береді. Аталған қаржыландырудың нақты негіздемесіз күрт қысқаруы бірқатар елеулі салдарға әкелуі мүмкін: 1. Білімнің қолжетімділігінің төмендеуі – қаржыландырудың шектелуі оқыту құнына әсер етіп, оны ата-аналар үшін қымбаттатуы мүмкін. 2. Бәсекелестіктің әлсіреуі – жеке мектептер мемлекеттік оқу орындарына балама ұсыну арқылы білім беру сапасын арттыратын салауатты бәсекелестікті қамтамасыз етеді. 3. Кейбір мектептердің жабылу қаупі – көптеген жеке білім беру мекемелері үшін мемлекеттік қаржыландыру бюджеттің маңызды бөлігі болып табылады, оның қысқаруы олардың әрі қарай қызмет етуін қиындатуы мүмкін.

Астана қаласындағы жеке мектептер тек жоғары білім сапасын қамтамасыз етіп қана қоймай, сонымен қатар елдің зияткерлік әлеуетін қалыптастыруда белсенді рөл атқарады. Олар оқытудың инновациялық әдістерін енгізіп, оқушылардың дамуына қолайлы жағдай жасап, жалпы білім беру стандартын арттыруда. Дөңгелек үстелге қатысушылар білім беруді қаржыландыру жүйесіндегі кез келген өзгерістер барлық тараптардың – мемлекет, білім беру ұйымдары, ата-аналар мен оқушылардың мүдделерін ескере отырып жүргізілуі тиіс екенін атап өтті. Тек ортақ диалог пен жағдайды жан-жақты талдау арқылы білім беру жүйесінің тұрақты дамуын қамтамасыз ететін оңтайлы шешім табуға болады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер