«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Тіл саясаты мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары

2025 жылғы 19 Ақпан
- Астана қаласы
982 просмотров

Мемлекеттік тіл саясатын жетілдіру және іскерлік қарым-қатынастың сапасын арттыру мақсатында, «Еуразия» сауда орталығы аумағында осы нысанда қызмет атқаратын кәсіпкерлерге арналған ақпараттық-түсіндіру жұмыстары өткізілді.

Іс-шара Астана қаласы Кәсіпкерлер палатасының, сондай-ақ Астана қаласының Тілдерді дамыту және архив істері басқармасы мен Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасымен бірлесіп ұйымдастырылды.

Жұмыс барысында мамандар тіл саясатын реттейтін өзекті нормативтік-құқықтық құжаттар бойынша түсініктемелер ұсынды және олардың коммерциялық қызметтегі қолданылу практикалық аспектілерін жан-жақты баяндады. Аталған ақпараттық жұмыс кәсіпкерлердің құқықтық сауаттылығын арттыруға, заңнаманың талаптарын уақтылы орындауға және іскерлік үдерістерді оңтайландыруға бағытталған. Осындай бастамаларды іске асыру мемлекеттік органдар мен бизнес қауымдастығы арасындағы диалогты нығайтуда маңызды қадам болып табылады, ол өз кезегінде қолайлы инвестициялық климатты құруға және Астана қаласындағы кәсіпкерліктің тұрақты дамуына ықпал етеді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер