«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Шағын және орта бизнесті дамыту Комитеті: салық айыппұлдары адал бизнестің мойнына ілінбеуі керек

2025 жылғы 19 Ақпан
1709 просмотров

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасында ШОБ дамыту жөніндегі Комитеттің отырысы өтті. Жиынға Мәжіліс депутаттары, салалық қауымдастықтардың өкілдері және салық саласының сарапшылары қатысып, салық реформаларының өзекті мәселелерін талқылады.

Отырыста «Атамекен» ҰКП шағын және орта бизнесті дамыту Комитетінің төрағасы Сәкен Қарин Үкімет жариялаған ҚҚС мөлшерлемелерін өзгертуге, ҚҚС бойынша тіркеу шегіне және шағын кәсіпкерлік субъектілеріне арнаулы салық режимін қолданудың жаңа тәсілдеріне қатысты жариялаған фискалдық реформа туралы хабардар етті. Ол сондай-ақ, ҚР Парламенті Мәжілісінде Салық кодексінің жобасын қараудың бүгінгі жағдайы туралы баяндады.

Комитет төрағасы Үкімет бастамашы болған түзетулер жобасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының бекітуіне әлі түспегендігін мәлімдеді. Ол сондай-ақ, Үкіметтің ҚҚС бойынша тіркеу шегін бес есеге қысқарту және «B2B» секторы үшін арнайы салық режимін пайдалануға шектеулер енгізу жөніндегі бастамаларының негізсіз екендігі туралы өз ұстанымын білдірді.

Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек бұл ұсыныстар бойынша шешім әлі қабылданбағанын мәлімдеді. Талқылау Парламентте жалғасып, оған өзгерістер енгізілуі мүмкін.

«Үкіметтің кез келген бастамасы тиісті құжат ретінде рәсімделіп, ресми дәрежеге ие болуы тиіс. Мен заңгер ретінде бұл мәселелерге құқықтық тұрғыдан қараймын. Аса қызу талқылаулар Парламентте өтеді. Біздің ұстанымымыз белгілі: егер қоғам келіспесе, мен депутат ретінде халық мүддесін қорғауға әрдайым дайынмын», – деді ол.

Күзет бизнесінің тағдыры

Күзет ұйымдары қауымдастығының вице-президенті Талғат Қайбағаров атап өткендей, күзет компаниялары тек қызмет көрсетумен айналысады. Ешқандай тауар сатпайды. Олардың негізгі клиенттері – жеке тұлғалар, ҚҚС төлеу тізбегіне кірмейді. Сондықтан барлық салықтық жүктеме тікелей күзет компанияларының мойнына түседі.

Кәсіпорындардың табысының негізгі бөлігі қызметкерлердің жалақысына, оларды оқытуға, материалдық-техникалық жабдықтауға және кеңсе жалдау сияқты шығындарға жұмсалады. Салықтық міндеттемелерді ескергенде, бизнестің табысы небәрі 3–5% ғана. Қосымша салықтық ауыртпалық жұмыс ерекшелігінің күрделілігі мен қызметкерлер үшін жоғары тәуекелдермен қабаттасып, күзет қызметтерінің сапасы мен қолжетімділігіне кері әсер етеді. Бұл мәселенің ушығуына алып келуі мүмкін. Сонымен қатар, бюджетке түсетін салықтың сомасы да аса артпайды. Себебі көптеген күзет компаниялары жұмысын тоқтатуға мәжбүр болады.

Осыған орай, Талғат Қайбағаров күзет қызметін бөлшек салық режиміне енгізуді ұсынды. Бұл шешім саланың тұрақтылығын қамтамасыз етіп қана қоймай, қызмет сапасын арттырып, құқық қорғау органдарымен өзара іс-қимылды тиімді жүргізуге мүмкіндік береді. Оның айтуынша, күзет компаниялары лицензияланатын қызмет болғаны салықтық заң бұзушылықтарға жол бермейді.

Салық кодексіне өзгерістер енгізу рәсімдерінің бұзылуы

Қазақстан салық кеңесшілері қауымдастығының заңгері Тамерлан Аманбеков Салық кодексіне өзгерістер енгізу барысында Қазақстан Республикасы Үкіметінің тәртібінен ауытқығанын атап өтті. Үкімет регламентінің 123 және 124-тармақтарына сәйкес, бизнеске әсер ететін кез келген өзгерістер енгізу үшін «Атамекен» ҰКП сараптамалық кеңестерінің қорытындылары болуы тиіс. Сараптама жеті күн қарастырылады.

Алайда кәсіпкерлік қауымдастыққа ұсыныстардың салыстырмалы кестесі әлі берілмеді, ал «Атамекен» ҰКП мен салалық қауымдастықтардың пікірі ресми түрде сұралмаған.

«Бизнеске қорғаныс құралдарының әлсіреуіне әкелген Реттеушілік әсерді талдау (РӘТ) күшін жойғанын ескерсек, бұл жағдай заңнамалық рәсімдердің толық сақталмаған деген ойға келтіреді. Мұндай ауытқулар сот істері мен Бас прокуратураға жолданатын шағымдарға әкелуі мүмкін. Кәсіпкерлер ашық диалог пен заңнамалық рәсімдердің қатаң сақталуын сұрайды. Өйткені бұл мыңдаған кәсіпкердің мүдделеріне тікелей әсер етеді», – деп атап өтті заңгер.

Мәжіліс депутаты Бахытжан Базарбек реформаның Үкімет деңгейінде кідіріп қалғанын растады.

Креативті индустриялар

«Бір жыл бұрын креативті индустриялар бөлшек салық жүйесіне қосылды. Бұл саладағы кәсіпкерлер санының кемінде 15%-ға өсуіне әкелді», – деді Креативті индустриялар қауымдастығының төрағасы Сәуле Самидин.

Креативті кәсіпкерлер B2C-ге қарағанда көбінде B2B қатынастар арқылы жұмыс істейді. Мысалы, суретшілер өз өнімдерін корпоративті клиенттердің тапсырысы бойынша (қонақүйлер мен ірі компанияларға) сатады. ҚҚС-ты тапсырыс берушілер төлегендіктен, олар оны өз қызметтері бағасына қоспайды.

«B2B үшін қазіргі мөлшерлемені сақтау және креативті Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші тізімінде қалтыру мағызды. Жіктеушідегі барлығы 364 креативті саланың 40-ы ғана бөлшек салыққа енгізілді. Жақында тағы 18 қосылды. Бірақ биыл бұл қызмет түрлерін қайтадан алып тасталауы мүмкін.

Саланың айлық айналымы 1 миллиард 250 миллион теңгені құрайды. Бұл ақшадан кәсіпкерлердің таза табысы небәрі 10-15% ғана, яғни бір жеке кәсіпкерге 120-200 мың теңге ғана түседі», – деп қорытындылады Самидин.

Жиын төрағасы Сәкен Қарин «Атамекен» ҰКП Қаржы министрлігін салық заңнамасын бұзғандарға ғана бағытталған нақты санкциялар қолдануға шақыратынын атап өтті. Оның айтуынша, адал кәсіпкерлер басқа адамдардың қателігі үшін зардап шекпеуі тиіс.

Бақылау – әділдіктің кепілі

«Атамекен» ҰКП Өңдеу өнеркәсібі комитетінің төрайымы Тахмина Нагуманова шағын бизнесті қолдауға бағытталған бірнеше ұсыныстар туралы айтты.

Оның айтуынша, шағын бизнестің соңғы 30 жылда түсінгені -  даму үшін оларға ерекше салық салу тәртібі қажет екендігі. Өңдеу өнеркәсібінде жалпы кәсіпорын саны аз – шамамен 120 мың, оның ішінде 95 мыңы жеке кәсіпкерлер. Бұл көрсеткіш елдегі барлық жеке кәсіпкерлер санымен салыстырғанда көп емес, бірақ шағын бизнеске ерекше көңіл бөлу қажет.

«Әріптестерімді қолдаймын. Қолданыстағы «бөлшек салық» атауын «шағын бизнеске арналған арнайы салық режимі» деп өзгертуді ұсынамын. Бұл салаларды Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішіде сақтап, бизнеске жаңа жағдайда жұмысты жалғастыруға мүмкіндік берейік», – деді Нагуманова.

Бұл ұсыныс жаңа Салық кодексінде қатаң әкімшілендіру әдістерінің қарастырылғанымен және жақында Премьер-Министрге таныстырылған Қаржы министрлігінің дерекқорымен негізделді. Бұл базаға 90-нан астам мемлекеттік жүйе біріктірілмек. Салық төлеушінің қаржылық операциялары мен айналымдары толық бақылауға алынатын болады.

«Жаңа Салық кодексі бастапқы кезеңде айыппұлдарды салудың орнына, қателерді түзету қажеттілігі туралы хабарламаларды жібереді. Сонда кәсіпкерлер салықтарды уақытында төлей алатын болады. Бұл салық мәдениетін қалыптастыру мен бизнестің дамуы ықпал ететін маңызды қадамға айналуы мүмкін. Үкіметке шағын бизнес субъектілері салықтық ауыртпаларсыз да дами алатынын дәлелдейік. Осы бағытта жұмысты жалғастыруды ұсынамын. Тек сонда ғана бюджетке түсетін қаражаттың айтарлықтай өсетінін көреміз», – деп түйіндеді Тахмина Нагуманова.

Мәжіліс депутаты Никита Шаталов аталған әкімшілендіру мәселесіне қатысты қолдау білдірді. Оның айтуынша, Үкіметтің шешуге тырысып жатқан басты проблемасы – бизнестің жасанды түрде бөлшектенуі. Интеграцияланған дерекқорлардың көмегімен бұл мәселе айқын көрінетін болады. Осылайша, өзара қарыз алып, оны қайтармайтын компаниялар анықталып, қаржы мен клиенттердің қайда баратыны бақылауға алынады.

Мемлекетте бұл мәселені шешуге қажетті барлық құралдары бар. Бірақ оны жүзеге асыру үшін жүйелі әрі көпжылдық жұмыс жүргізу керек.

Бұған қоса, Никита Шаталов бәсекелестік теңдігін қамтамасыз ету мәселесіне тоқталды.

«ҚҚС мөлшерлемесін 20%-ға көтеру туралы мәселе көтерілгенде, халық оны мұны «Табыстылық салығы» деп атады. Ал мен оны «Адалдық салығы» деп атаймын. Өйткені бұл салықты онсыз да адал төлеп жүргендер төлейтін болады.

Бұл салық жүйесіндегі әділеттілікке қайшы келеді. Біз салық төлемейтіндерді ғана жазалауымыз керек. Оларға қатысты шара қолданбау – жергілікті мемлекеттік кірістер департаменттерінде сыбайлас жемқорлыққа жол ашады», – деп атап өтті депутат.

Кездесу соңында Сәкен Қарин ұсыныстарды шағын және орта бизнесті дамыту жөніндегі комитет төрағасының атына жазбаша түрде жолдауды сұрады. Төраға Үкімет ұсынған салық реформалары мұқият қаржылық-экономикалық есептеулерде және нақты деректер мен салалық мамандардың сараптамасына негізделу керек деп айтты.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер