Кәсіпорынға экскурсия жасау жастардың болашақтағы мамандық таңдауында маңызды рөл атқарады
Ұлытау облысының кәсіпкерлер палатасының ұйымдастыруымен Жезқазған қаласының мектептерінен келген 30 оқушыға жұмыс мамандықтары жылын насихаттау аясында өңірдегі жетекші кәсіпорындардың бірі «Ютария Ltd» ЖШС-не танымдық экскурсия ұйымдастырылды.
Шара барысында оқушылар киім тігетін кәсіпорынның қызметімен танысып, өндіріс процесінің түрлі кезеңдерімен танысты.
"Ютария" ЖСШ қызметкері Жанна Сексенбаева тігін цехының жұмысына кеңінен тоқталды. Ол маталарды дайындау, өрнектерді жасау және бұйымдарды нақты тігу қалай өтетінін түсіндірді.
Мектеп оқушылары барлық тігу процесін үлкен қызығушылықпен бақылап, технология мен құрал-жабдықтарға қатысты сұрақтарды белсенді түрде қойды.Экскурсия олардың тігін өнеркәсібі туралы білімдерін кеңейтіп қана қоймай, осы қызықты және серпінді салада болашақ мамандықты таңдауға шабыттандырды.
– Бүгінгі таңда «Ютария LTD» ЖШС тігін цехында 120 тігінші жұмыс істейді, кәсіпорын арнайы киім тігумен қатар классикалық тоқыма бұйымдарын шығаруды да қолға алуды жоспарлап отыр. Мұндай іс-шаралар жұмысшы мамандықтарына деген қызығушылықты арттырады, өскелең ұрпаққа нақты бизнестің қалай жүретінін жақсы түсінуге көмектеседі, сонымен қатар кәсіптік бағдарды қалыптастырады. Мұның барлығы Ұлытау облысының Кәсіпкерлер палатасымен ынтымақтастықтың арқасында мүмкін болып отыр, - деп атап өтті Жанна Төлеуқызы.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: