Бизнеспен тікелей диалог: кәсіпкерлерді қорғауға әрі қолдауға арналған цифрлық шешімдер
Кәсіпкерлердің құқықтары мен мүдделерін қорғау, тең мүмкіндіктер жасау және бизнеске қысымды төмендету Мемлекет басшысының жіті назарында.
Ұлттық палата бизнес-қауымдастық пен мемлекет арасында тиімді диалог құруда маңызды рөл атқарады. Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы қызметінің негізгі бағыттарының бірі.
Бұл тұрғыда Ұлттық палатаның Жоғарғы Сот, Бас прокуратура, Қаржы мониторингі агенттігімен (ҚМА) және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметпен бірлескен Жол карталары, келісімдер мен меморандумдар аясында тығыз өзара іс-қимылы ерекше маңызға ие.
«Бизнеске жол» жобасы аясында Атамекен ҰКП Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен бірлесе, «Бизнесті цифрлық трансформация арқылы қорғау» тақырыбында DemoDay өткізді.
Іс-шара заманауи цифрлық шешімдерді пайдалана отырып, кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудың өзекті мәселелерін талқылау үшін мемлекеттік органдар, бизнес-қауымдастық пен IT-компания өкілдерін жинады.
Іс-шараны ұйымдастыру Астана Мемлекеттік қызмет хабы, ЕҚЫҰ-ның және құқық қорғау органдары академиясының қолдауымен қамтамасыз етілген. Онлайн режимде аумақтық органдар мен ШОБ өкілдерін біріктірген ҰКП өңірлік палаталары қатысты.
Шара модераторы ретінде «Атамекен» ҰКП Басқарма төрағасының орынбасары – Басқарма мүшесі Гүлнар Бижанова қатысты.
Талқылау аясында салық салу, жер мәселелері, мемлекеттік сатып алу мен қолдау шаралары және құрылыс салаларындағы кәсіпкерлерді толғандырған негізгі мәселелер қозғалды.
Бизнесті қолдау үшін уәкілетті органдар әзірлеген цифрлық шешімдерді енгізуге ерекше назар аударылды, соның ішінде:
- мемлекеттік сатып алу саласындағы жаңа тәсілдер;
- салықтық әкімшілендіруді цифрландыру;
- жер қатынастарындағы ашықтықты арттыру;
- фермерлерді мемлекеттік қолдаудың жаңа тетіктері;
- кәсіпкерлікті дамытуға арналған цифрлық шешімдер.
Шараның екінші бөлімінде қатысушылар кәсіпкерлерге күнделікті міндеттерді шешуге және олардың қызметінің тиімділігін арттыруға көмектесетін цифрлық құралдар таныстырылды.
Мәселен, «Бәйтерек» ҰБХ бизнесті қолдаудың Бірыңғай порталын ұсынды. Аталмыш портал көлемі мен қызмет саласына қарамастан, кәсіпкерлердің қаржылық қолдау алуын жеңілдету үшін құрылған.
Платформа холдингтің және оның еншілес компаниялар қызметтерінің толық спектрін ұсынады.
Сондай-ақ, «Бірыңғай сатып алу терезесі» ақпараттық жүйесі таныстырылып, сатып алу шеңберінде мемлекеттік қаражатты үнемдеуге көмектеседі. Нарықтың тауарларға, жұмыстар мен қызметтерге қажеттіліктерін бағалап, бизнеске жоспарланған сатып алуға уақтылы дайындалуға мүмкіндік береді.
«ЕQurylys.kz» бірыңғай цифрлық платформасы ерекше пікірталас тудырды. Қатысушылар баға саясатына, деректердің бұзылу қаупіне және платформаның басқа да кемшіліктеріне қатысты мәселелерді көтерді.
Талқылау нәтижесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бойынша платформаға талдау жүргізу қажеттілігі туралы шешім қабылданды.
Шара барысында болашақта сындарлы шешімдер мен жаңа бастамалар үшін негіз бола алатын маңызды ұсыныстар мен идеялар айтылды.
Кәсіпкерлік қызметті дамытудағы кедергілерді жоюға бағытталған аталмыш шара бизнес-қауымдастық, мемлекет және IT-сектор арасында тәжірибе алмасу әрі диалог орнатуда маңызды рөлге ие болды.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: