«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

3+3: басымдық формуласы аудандардағы бизнесті күшетудің жолы

2024 жылғы 27 Қыркүйек
- Алматы қаласы
4542 просмотров

Дереккөз: yvision.kz

Алматы қаласының Наурызбай ауданы - қарқынды тұрғын үй құрылысы, әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту, мегаполистің жаңа көрікті жерлерін  қалыптастыру нүктесі. Ол дегеніміз, мықты, табысты бизнесті қалыптастыру мүмкіндіг. Мемлекет пәрменді көмек көрсетуге дайын. Ол үшін «Атамекен» палатасы әкімдіктермен бірлесіп өсудің әлеуетті нүктелерін анықтауда.

Үкімет, «Атамекен» және «Даму» 3+3 формуласы бойынша кәсіпкерлікті қолдаудың жеке бағдарламаларын әзірлеуде. Алматының әр ауданында үш негізгі және үш басымды сала анықталуда. Мысалы, Наурызбай ауданы бойынша қала экономикасына үлес салмағының 40 пайызы сауда болып табылады. Өңдеу, көлік секторында, қызмет көрсету саласында, қойма құру бағытында және т. б. көрсеткіштердің өсу серпіні бар.

Алматы қаласы «Атамекен» ӨКП директоры Нұрсұлтан Шоқанов Наурызбай ауданының әкімімен әңгімелесу барысында 3+3 формуласын іске асыру механизмдері туралы айтты. Негізгі және басым салалары бойынша бизнес субъектілерін айқындай отырып, әрбір кәсіпорынға бағытталған қаржылық және қаржылық емес қолдау көрсетілетін тізілім қалыптастырылады: оның ішінде өнімді өткізу нарығын кеңейту, экспортқа шығару немесе қандай да бір кедергілерді жою мүмкіндігі бар.

«Кәсіпкерлермен өзара іс-қимыл барысында біз әр түрлі аудандарда бизнесті дамытудың тұжырымдамалық тәсілдерін тереңірек түсіне аламыз. Біздің мақсатымыз - салық аударымдары тұрғысынан да, жаңа жұмыс орындарын құру мәселелерінде де әр аймақтың ерекшеліктерін талдай отырып, басым салаларды анықтау. Белгілі бір секторларға назар аудара отырып, біз тиімді өсуге қол жеткізу үшін қиындық туғызып отырған түйіткіл нүктелерін және болашақта басымды болар бағыттарын анықтау арқылы, олардың ерекшеліктеріне тереңірек үңілеміз. Бұл бізге жиналған мәліметтер негізінде жергілікті нарықтың талаптары мен шарттарына бейімделе отырып, қолдауды нақты бағытқа жұмсауға мүмкіндік береді. Нәтижесінде бизнестің тұрақты дамуы және кәсіпкерлік үшін қолайлы орта қалыптасады, бұл өз кезегінде біздің аудандарымызда өмір сүру сапасын жақсартуға ықпал етеді. Аталған тәсіл ағымдағы проблемаларды шешіп қана қоймай, бизнес пен мемлекеттік құрылымдар арасындағы ынтымақтастық пен өзара көмекке баса назар аудара отырып, ұзақ мерзімді стратегиялық жоспарлар құруға мүмкіндік беретініне сенімдіміз», - деп атап өтті Нұрсұлтан Шоқанов.

Сырт көз көрмегенімен, аудан әкімдіктері өз тарапындағы аймақтарда болып жатқан барлық оңтайлы өзгерістер мен қатар, барлық түйіткіл мәселелер туралы үнемі хабардар.  Сондықтан тандем тиімді болуына сенім зор. Диалог барысында Наурызбай ауданының әкімі Назира Тоғызбаева аудандағы бизнесті дамыту жолдарына деген өз көзқарасымен бөлісті.

«Біздің аудан жаңа. Небәрі он-ақ жыл толды. Перспектива көп:  туризмді, инновациялық медицинаны дамыту, тау-кен кластерінің инфрақұрылымын құру және басқалар. Бағдарлама бізді қатты қазақтырады, бизнестің тасын өрге домалату бәрімізге пайдасын тигізері сөзсіз. Және де біз оған мүдделіміз. Біз кәсіпкерлермен кездесіп, күшті және әлсіз жақтарын бақылап отырамыз және мұндай бірлескен тәсіл ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық даму жоспарларын барынша тиімді іске асыруға көмектесетініне сеніміміз зор», - деп тілге тиек етті Назира Тоғызбаева.

Алматы қаласының қазіргі экономикалық дамуы жағдайында бизнесті мемлекеттік қолдау бағдарламасы негізгі салаларды тұрақтандыруға және өсіруге бағытталған. Сауда, көлік және құрылыс сияқты үш күшті бағытты қолдау жаңа жұмыс орындарын құруға және аймақтық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік береді деп күтілуде. Үш перспективалы салаға - ақпараттық технологияларға, экологиялық таза өнімдер өндірісіне және туризмге назар аудару маңызды. Ақпараттық технологиялардың дамуы жергілікті стартаптарды шабыттандырып, инновациялық экожүйелерді құру арқылы инвестиция тарта алады. Экологиялық таза өндіріс секторы сапалы және қауіпсіз өнімдерге өсіп келе жатқан сұранысты қанағаттандыра отырып, Алматының орнықты даму орталығы ретіндегі ұстанымын нығайтуға ықпал етуі тиіс. Туризмнің аудан экономикасына қосқан үлесін де атап өткен жөн, өйткені ол жаңа жұмыс орындарын құруға ықпал етіп қана қоймай, аймақтың мәдени мұрасын байытады.

Осылайша, осы салаларды қолдауды бірыңғай стратегияға біріктіру азаматтардың өмір сүру сапасын және Алматыдағы экономикалық жағдайды айтарлықтай жақсарта отырып, синергетикалық әсерге қол жеткізуге мүмкіндік береді.


Ұқсас жаңалықтар:

Еншілес ұйымдар

Серіктестер