«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Алматы қаласының «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының жанынан креативті индустриялар және IT жөніндегі кеңес құрылуда

2024 жылғы 26 Қыркүйек
- Алматы қаласы
4425 просмотров

Дереккөз: dzen.ru

Құрметті Алматы қаласының кәсіпкерлері!

Бизнес-қоғамдастықтың мемлекеттік билік органдарымен тиімді өзара іс-қимылы мақсатында, сондай-ақ бизнес субъектілерінің міндеттері мен проблемаларын шешу және оларды дамыту үшін Алматы қаласының Кәсіпкерлер Палатасы жанынан креативті индустриялар және IT жөніндегі кеңес құрылуда.

Кеңестің негізгі міндеттері:

1. Проблемалық мәселелерді анықтау және шешу;

2. Бизнес құқықтарын қорғау және қабылданатын НҚА сараптамасы;

3. Саланы дамыту бойынша ұсыныстар әзірлеу;

4. Бизнестің құзыреттілігін арттыру.

Кәсіпкерлердің салалық кеңесінің мүшелігіне үміткерлерінің келесі құжаттары болуы тиіс:

1) еркін нысандағы (сала санаты көрсетілген) өтініші;

2) кәсіпкерлік субъектісін мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің/мемлекеттік тіркеу туралы анықтаманың көшірмесі;

З) үміткердің түйіндемесі немесе өмірбаяндық деректер (фотосуретпен);

4) үміткердің жеке куәлігінің көшірмесі;

5) кәсіпкерлік субъектісінің қатысушылары туралы белгіленген нысандағы анықтама (тіркелген заңды тұлға, филиал немесе өкілдік туралы анықтама не Бағалы қағаздардың бірыңғай тіркеушісінен анықтама (тек Акционерлік қоғамдар үшін);

6) беру мерзімі күнтізбелік 10 күннен аспайтын соттылығының жоқ/бар екендігі туралы анықтама.

Кеңеске мүше болуға өтінімдерді aitima@inbox.ru электрондық поштаға, немесе  +7 705 389 00 33 Айгерім номеріне жолдай аласыз:


Еншілес ұйымдар

Серіктестер