«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Заманауи техника – өнімді өндірістің себепшісі

2024 жылғы 19 Қыркүйек
- Алматы қаласы
236 просмотров

Алматы қаласындағы «Атакент» көрме павильонында– тау - кен жабдықтары, кендер мен минералдарды өндіру және байыту - Mining & Metals Central Asia 2024, сондай-ақ Kazcomak 2024  -жол және өнеркәсіптік құрылыс және коммуналдық техникасының  бірден екі халықаралық көрме өтті.

Оған әлемнің 34 елінен 402 компания қатысты. Мining-metals.kz ақпараты бойынша көрмені ұйымдастырушылар былтырғы жылмен салыстырғанда экспозиция айтарлықтай өскенін атап өтті – қатысушылар саны 15% - ға артты. ҚДСО экспозицияларын Австралия, Австрия, Ұлыбритания, Германия, Италия, Канада, Қытай, Норвегия, БАӘ, Ресей, Сингапур, АҚШ, Түркия, Франция, Швейцария, Оңтүстік Корея, әрине Қазақстан және т.б. мемлекеттердің өкілдері орналастырды. 74 компания алғаш рет қатысты.

Бағдарламада экспозициялардан басқа, форумдар, «дөңгелек үстелдер» және пленарлық отырыстар форматындағы бірқатар іс-шараларды да қамтыды. Негізгі мәселелердің бірі - ESG сұрақтары. Экономиканы «көгалдандыру» қоршаған ортаны сақтау үшін жаңа технологияларды енгізе отырып, Қазақстан да ұстанатын жаһандық трендке айналды.

«Біз әлемдік экономикалық процестерге терең интеграцияланғанбыз. Қазақстанның ТМК жаһандық сауда-экономикалық байланыстарды қайта құру процесін сезінеді. Біз инвестиция үшін жоғары бәсекелестікті сезінеміз. Әлемдік ТМК-ның көпшілігі ішкі және сыртқы ортаның өзгеруіне жауап ретінде 2023 жылдың қаңтарынан бастап өз стратегияларын қайта қарағаны назар аудартады. Біздің сектор да осы мәселелерді пысықтауға кірісті және қазір өте белсенді бастамашылық етуде және бұл идеяны Үкімет 5-10 жылдық жоспарлау көкжиегінде ұзақ мерзімді стратегияны әзірлеу туралы қолдадыБұл жайт бізді сөзсіз қуантады және уәкілетті орган -  өнеркәсіп министрлігі мен Үкімет атынан осы жұмысты бастап жатырмыз», - деп атап өтті  «Атамекен» ҰКП Төралқа төрағасының орынбасары Гүлнар Бижанова.

Көрмелерді қазақстандық Iteca көрме компаниясы және оның халықаралық серіктесі - ҚР өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің, ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің, Алматы қаласы әкімдігінің, «Атамекен» ҚР ҰКП, «Тау-Кен Самұрық» ҰТК  АҚ, «Тау-кен металлургия және тау-кен өндірісі Республикалық Қауымдастығы» ЗТБ қолдауымен ICA Events компаниялар тобы ұйымдастырды. Дүниежүзілік банкі, сондай-ақ қатысушы елдердің сауда өкілдіктері мен дипломатиялық миссиялары қолдады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер