«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Палатаның негізгі міндеті – кәсіпкерлерді қолдау

2024 жылғы 02 Тамыз
- Қызылорда облысы
6825 просмотров

Қызылорда облыстық кәсіпкерлер палатасының Өңірлік кеңес төрағасы Ерлан Раимов және палата директоры Пірмұхаммед Сыздық, кеңес мүшелерімен, мемлекеттік мекеме, құзырлы орган, микрокредиттік ұйым өкілдерімен бірлескен жұмысшы тобын құрып, Сырдария ауданы кәсіпкерлерімен кездесу ұйымдастырды.

Алдымен палата өкілдері Сырдария ауданы әкімінің орынбасары Талғат Нұртазаевпен кездесіп, Мемлекет басшысының кәсіпкерлікті дамыту Тапсырмасын талқылады.

Қызылорда облыстық кәсіпкерлер палатасының Өңірлік кеңес төрағасы Е. Раимов өз кезегінде Палата жұмысы мен Өңірлік кеңестің ондағы рөлін ашып айтты. Палата директоры П.Сыздық жұмысшы топтың миссиясын және кәсіпкерлерге көрсетілетін қолдау түрлеріне тоқталды.

«Кәсіпкерлік саласында бүгінгі күні проблемалық мәселелер жетерлік. Осыны ескере келе, біз мемлекеттік және құзырлы орган өкілдерінен құралған жұмысшы топ құрып, сіздердің алдарыңызға келіп отырмыз. Бүгін сіздер өздеріңізді толғандырған барлық сұрақтарыңызды аласыздар» -деді П.Сыздық.

Сондай-ақ халық арасында мемлекеттік қолдау шаралары туралы кеңінен түсіндірме жұмыстарын жүргізуге келген арнайы делегация аймақ көлемінде кәсіпкерлікті дамыту бағытындағы атқарылып жатқан жұмыстар және осы тарапта кәсіпкерлерге көрсетілетін қызметтерді айтып өтті.

Бұдан бөлек, инвестициялық жобаларды іске асыру үшін жан-жақты қолдау көрсету мақсатында прокуратура органдары тарапынан жүргізілген шаралар жөнінде аудандық прокурор Асқар Кемалов баяндады.

Жиынға қатысқан аудан кәсіпкерлері өздерін толғандырған барлық сұрақтары мен талап-тілектерін жеткізді. Алдағы уақытта ұсыныстар салалық және Өңірлік кеңестерде талқыланып, мәселелердің шешілуі жолында жұмыстар атқарылатын болады.

Қызылора облысы кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер