«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Ақтөбеде фермерлерді қабылдаудың бірыңғай күні анықталды

2024 жылғы 12 Шілде
- Ақтөбе облысы
4884 просмотров

 «Бір терезе» қағидаты бойынша әр аптаның жұмасында Ақтөбе облысының кәсіпкерлер палатасының алаңында ауыл шаруашылығы саласына жауапты мемлекеттік құрылымдардың басшылары шаруаларды проблемалық мәселелерімен қабылдайды.
 
 Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес «Атамекен» кәсіпкерлер палатасында ауыл шаруашылығы саласындағы мемлекеттік мекемелер мен қаржы институттарының басшылары, өңірлік палата өкілдері бір мезетте жеке қабылдау жүргізеді. Қабылдау уақыты кестеге сәйкес сағат 10.00-ден 12.00-ге дейін бекітілді. Бүгін алғашқы кездесу шарасы өтті.

«Біздің міндетіміз – фермерлер мен шаруа қожалықтарының басшыларын кабинеттерге барудан мейлінше азайтып, сол арқылы олардың мәселесін шешуді жеделдету, сондай-ақ олардың қызметінжақсартуға жәрдемдесу. Қабылдауды бірінші басшылар тікелей жүргізеді. Барлық өтініштер арнайы журналда тіркеліп, сондай-ақ оның орындалуыда жазылады. Біз сол жерде жауап беруге тырысамыз, қажет болған жағдайда мәселені қосымша зерделеп, кәсіпкерге тиісті жауаптар беріледі. Мысалы, бүгінде Агрокредиттік корпорацияда несиелеу, ҚазАгроҚаржы желісі бойынша техника алу, сондай-ақ ауыл шаруашылығы өнімдерін өткізуге жәрдемдесу, шегірткеге қарсы күрес мәселелері жөнінде сөзқозғалды»,- деп түсіндірді облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Құсайын Сәрсенбаев.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер