«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

«Жайлы мектеп» ұлттық жобасының шешілмеген мәселелері «Samruk-Kazyna Construction» АҚ-да талқыланды

2024 жылғы 19 Сәуір
2320 просмотров

 13 сәуірде «Samruk-Kazyna Construction» АҚ алаңында «Атамекен» ҰКП, ҚР Оқу-ағарту министрлігі және мердігер ұйымдар өкілдерінің қатысуымен кеңейтілген жиналыс өтті.

 Ұлттық жобаны іске асыруда отандық өндірісті қолдауға баса назар аударылған. Осындай мектептер құрылысында жергілікті қамту үлесі 70%, ал жергілікті құрылыс материалдарын пайдалану үлесі 90%-ға дейін жетіп отыр.

 «Астана, Алматы және Шымкент сынды ірі қалаларда жаңа мектеп ғимараттарының қасбетін қаптау кезінде талшықты цемент плиталары пайдаланылады. Басқа өңірлерде жергілікті кәсіпорындар өндіріп жатқан травертин, кірпіш және сызықты панельдерге артықшылық беріледі. Мұндай нәтиже «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен жемісті ынтымақтастық арқылы мүмкін болды»,деді «Samruk-Kazyna Construction» АҚ басқарма төрағасы Мәулен Айманбетов.

 Жиында «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасының орынбасары Мұрат Амрин ұлттық жобаны іске асыру аясында отандық тауар өндірушілердің мүддесін ілгерілету бойынша жүргізіліп жатқан саясатты атап өтті.

 Жоба іске асырылғаннан бастап «Атамекен» ҰКП мердігерлік және жобалау компанияларымен танысу және ұсыныстаын қолдану үшін «Samruk-Kazyna Construction» АҚ атына өңірлік өкілдігі бар отандық тауар өндірушілердің тізілімін ай сайын жолдап отыр.  Алайда, іс жүзінде бұл ақпарат мүдделі ұйымдарға дейін жетпейді. Мұның бәрі отандық тауар өндірушілер мен мердігерлік ұйымдар арасында түсінікті «ойын ережелері» болмауына әкем соғады. Ұлттық жоба объектілерін тапсырудың қысқа мерзімін ескерсек, мектеп салуға қажетті өнімді жеткізу келісімшарттарын жасасу бойынша шығарылатын өнімнің қажетті көлемін жоспарлау және жеткізу қиынға соғады.

 Бұған қоса Ұлттық жобада отандық өндірушілер тауарларының қолданылуына мониторинг жүргізу және қадағалау процесі әлі де жолға қойылған жоқ.

Отандық өндірушілер үшін олар өндіретін өнімнің локализациясы мен сапасы бойынша қарымта міндеттемелерді белгілеу мәселелерін пысықтау қажет екенін атап өткен жөн.

 Жиналысқа Ұлттық жобаға қатысып жатқан мердігерлік компаниялар қосылды.

 «Атамекен» ҰКП мамандары жоба операторын отандық өндірушілердің тауарларын қолдануға, сондай-ақ қысқа мерзім мен айқын тәуекелдерді ескере отырып, отандық компаниялармен тауарларды уақтылы жеткізуге келісімшарттар жасасу рәсімдерін жеделдетуге шақырады.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер