«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Экономикалық тиімділік пен табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану үшін кешенді жұмыс қажет

2024 жылғы 12 Сәуір
2281 просмотров

«Атамекен» ҰКП алаңында ҰКП Геологиялық сала, тау-кен, көмір өндіру және металлургия өнеркәсібі комитетінің отырысы өтті.

Геологтар күні қарсаңында комитет отырысын «Атамекен» ҚР ҰКП басқарма төрағасының м.а. Райымбек Баталов ашып, әріптестерін кәсіби мерекемен құттықтап, саланы ұзақ мерзімді дамыту және Комитет қызметін жетілдіру бойынша жаңа тәсілдерді әзірлеу қажеттігін атап өтті.

Комитет төрағасы Николай Радостовец Комитет мүшелері мақұлдаған отырыстың күн тәртібін айтты. Жиын барысында тау-кен-металлургия саласын дамыту жөніндегі жол картасын келісу, биржалық заңнаманы реформалау, жер қойнауын пайдаланушылардың ТЖҚ сатып алуы, өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарына металдарды жеткізу мәселелері, мемлекеттік органдардың өндіруге арналған шығыстардың 1% мөлшерінде ҒЗТКЖ қаржыландыру тәртібіне өзгерістер енгізу жөніндегі бастамалары талқыланды. Сондай-ақ Комитет қызметін жетілдіру, Комитет жанынан техногендік-минералды түзілімдерді қайта өңдеуді ынталандыру жөніндегі жұмыс тобын құру бойынша ұсыныстар талқыланды.

 «Салада түрлі факторлар жағдайында жұмыс істеп жатқан кәсіпқой маман жеткілікті. Комитет алдында барлық өзекті мәселе бойынша мемлекеттік органдармен бірыңғай позиция қалыптастыру, өзекті тәсілдерді талқылау және тау-кен металлургия кешенін одан әрі дамытудың негізгі бағыттарын Үкіметке жеткізу міндеті тұр», - деп түсіндірді Райымбек Баталов.

«Атамекен» ҰКП басқарма төрағасының орынбасары Гүлнар Бижанова салалық қауымдастықтар мен іс-шаралардың келіп түскен ұсыныстарын ескере отырып, ТМК-ны дамытудың жол картасын пысықтау бойынша жүргізілген жұмыстар туралы хабарлады. Бұл шаралар Мемлекет басшысының 2023 жылғы 1 қыркүйектегі «Әділ Қазақстанның экономикалық бағытыә атты Қазақстан халқына жолдауын іске асыру жөніндегі Жалпыұлттық жоспарда көзделген.

«Тау-кен металлургия секторын одан әрі дамыту бойынша саланың стратегиясы болмаған жағдайда, күш-жігерді біріктіру және орта мерзімді перспективада саладағы ең маңызды міндеттерді айқындау өте маңызды. Іс-шаралардың ауқымдылығына сүйене отырып, Жол картасының іс-шараларын екі деңгейге бөлу туралы шешім қабылданды. Бірнеше министрліктің қатысуын талап ететін тұжырымдамалық іс-шаралар ҚР Үкіметінің қаулысымен бекітіледі деп күтілуде, ал тек ведомстволық органға қатысты іс-шараларды ҚР өнеркәсіп және құрылыс министрінің бұйрығымен бекіту ұсынылады», - деп атап өтті спикер.

ҚР Өнеркәсіп және инфрақұрылымдық даму министрлігінің өкілдері, өнеркәсіптік инфрақұрылымды және елішілік құнды дамыту департаментінің директоры Нұрлан Кеңесов және Жер қойнауын пайдалану департаментінің мониторинг басқармасының басшысы Жомарт Асқаров Жол картасын іске асыру қажеттілігін қолдады.

 Талқылауға арналған негізгі мәселелердің бірі жер қойнауын пайдаланушының өндіруге жұмсаған шығыстарының 1% есебінен ҒЗТКЖ қаржыландырудың ағымдағы тәртібін өзгерту жөніндегі түзетулер болды. Мәселен, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ғылым және технологиялық саясат мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңының жобасында қатты пайдалы қазбалар саласындағы жер қойнауын пайдаланушылардың ҒЗТКЖ-ға аударымдарын орталықтандыру механизмі көзделеді.

ҰКП мамандары бұл механизммен келіспейді. Өйткені ол тау-кен металлургия саласының алдында тұрған міндеттерді толық шешуге ықпал етпейді. Сонымен қатар, ҰКП жер қойнауын пайдаланушылар үшін жоспарланған инвестицияларға қатысты жағымсыз салдарларды болдырмауға мүмкіндік беретін ҒЗТКЖ-ны қаржыландыру механизмін әзірлеуді ұсынады. Мұндай зерттеулерге қажеттілік болмаған жағдайда ғана пайдаланылмаған аударымдарды орталықтандыруды көздейтін болады.

ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті төрағасының орынбасары Асылхан Бибосинов ұсынылған заң жобасының негізгі аспектілерін баяндап, ҰКП және сала өкілдеріне қолдау білдірді.

«Атамекен» ҰКП Тау-кен металлургия кешені департаментінің басқарушы директоры Рустам Шунтуков биржалық заңнаманы реформалау және жер қойнауын пайдаланушылардың ТЖҚ сатып алу мәселелері бойынша өз позициясын білдірді.

«ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов реттелетін сатып алу жүйесін жетілдіру және отандық кәсіпорындарды қолдау бойынша тиімсіз тәсілдерді қайта қарауға бағытталған маңызды жұмыс жүргізіп жатыр. ҰКП Үкімет жүргізіп отырған жұмысты толығымен қолдайды және оған белсенді қатысады. Алайда шешімдер қабылдау жылдамдығы мен қойылған міндеттердің күрделілігі сапалы және шоғырландырылған шешімдер қабылдау үшін мемлекеттік органдар және бизнеспен жұмыс істеуде жеделдікті талап етеді. Осы мән-жайларды ескере отырып, «Ұлттық палатаның ТМК департаменті Өнеркәсіп министрлігі өкілдерімен бірлесіп реттелетін сатып алуды реформалау жөніндегі жедел штаб құрды. Штаб шеңберінде жұмыстар мен қызметтер құрамынан тауарларды алып тастау тәсілдері қаралды. Қазіргі уақытта бизнес ұсыныстарының басым бөлігі министрлік тарапынан ескерілді, қалған ұсыныстар қаралып жатыр», - деп түсіндірді Рустам Шунтуков.

Спикер жер қойнауын пайдаланушыларға жедел сатып алуды жүзеге асыру үшін баламалы тетіктер немесе шарттарды ұсыну және жер қойнауын пайдаланушылар мен олардың мердігерлерінің қатты пайдалы қазбаларды өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын ТЖҚ сатып алу қағидаларын жетілдіру жолымен жер қойнауын пайдаланушылардың қолданыстағы сатып алу жүйесін жақсарту қажеттігін атап өтті.

 ҚР Өнеркәчіп министрлігі өнеркәсіптік инфрақұрылымды және елішілік құндылықты дамыту департаментінің директоры Нұрлан Кеңесов биржалық заңнаманы реформалаудағы және жер қойнауын пайдаланушылардың тауарлар, жұмыстар мен қызметтерді сатып алу процестерін оңтайландырудағы прогресті атап өтті.

«KAZ Minerals» сатып алуды сүйемелдеу қызметінің басшысы Тимур Бақытжанов туындайтын барлық қауіп-қатерді жабу үшін өтпелі кезең қажет екенін түсіндірді. Оны «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне биржалық сауда мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасындағы жұмыс шеңберінде қарау қажет.

«Тәуекелдің үш тобы бар. Атап айтқанда заңгерлік, кәсіпорынды жабдықтау және NADLoC тізілімінің тұрақтылығы. Мысалы, осы үш тәуекел заңды қатерге жатқызылды, оларға қатысты санкциялар енгізілген тауарларды жеткізу, контрабандалық тауарларды жеткізетін компаниялар, сондай-ақ әділ еңбек жағдайларын бұзу фактілері анықталған компаниялардың қатысуы жатады», - деп толықтырды спикер.

ҰКП басқарма төрағасының орынбасары Гүлнар Бижанова және комитет төрағасы  Николай Радостовец өңдеуші өнеркәсіп кәсіпорындарын отандық шикізатпен қамтамасыз ету және шикізат экспортын лицензиялау мәселесін мұқият пысықтау қажеттігін атап өтті. Аталған мәселе өңдеуші өнеркәсіп кәсіпорындарының да, шикізат өндірушілердің де ұсыныстарын ескере отырып, тиісті НҚА әзірлеу шеңберінде қаралуға тиіс.

Гүлнар Бижанова Өнеркәсіп министрлігіне «шикізат» ұғымдарын заңнамалық тұрғыдан айқындауды ұсынды. Өйткені бұл ұғымды кеңінен түсіндіру мүмкіндігін береді.

 Тау-кен өндіру және тау-кен металлургия кәсіпорындарының республикалық қауымдастығы атқарушы директорының орынбасары Ербол Закариянов пен қауымдастықтың жер қойнауын пайдалану және өнеркәсіптік қауіпсіздік департаментінің директоры Ақмарал Итжанова кәсіпорындардың қолданыстағы келісімшарттарын қамтамасыз етудің маңыздылығын және кешігу қаупін болдырмау үшін металдарды экспорттау үшін лицензияларды уақтылы беру қажеттілігін атап өтті. Олар сондай-ақ шикізат өндірушілері жеңілдіктер беру бойынша белгілі бір талаптарға тап болғанын ескере отырып, жоғары сапалы өнім үлесін арттыру жөніндегі міндеттерді қоса алғанда, өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарына қойылатын талаптарды енгізу қажеттігін атап өтті.

Жиында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың отандық бизнес өкілдерімен кездесуде берген тапсырмаларына сәйкес геологиялық сала, тау-кен, көмір өндіру және металлургия өнеркәсібі комитетінің қызметін жетілдіру жөніндегі ұсыныстар қаралды. Президент бизнесті мемлекеттің тең құқылы серіктесі ретінде белгілейді.

Гүлнар Бижанова ҚР Үкіметінің жаңа саясаты отандық өндірушілерді қолдауға бағытталғанын, сондықтан ТМК кәсіпорындарының отандық өндірушілермен өзара іс-қимылын күшейту және жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алуларында және тау-кен металлургия кәсіпорындарының ірі жобаларында қазақстандық қамтуды арттыруға бағытталған бірқатар бірлескен іс-шараны пысықтау өте маңызды екенін атап өтті.

Осы бағыт бойынша жұмыс сапасын арттыру үшін  «Өңдеу өнеркәсібі одағы» ЗТБ төрағасы, «Қайнар-АКБ» ЖШС Бас директорының орынбасары Аманияз Ержановтың кандидатурасы ұсынылды.

Сондай-ақ Гүлнар Бижанова ынталандыру шараларын әзірлеу және техногендік минералды түзілімдерді қайта өңдеу бойынша шектеулерді жою мақсатында ТМҚ қайта өңдеу жөніндегі жұмыс тобын құру қажеттілігі туралы мәселені көтерді.

 Қорытындылай келе, геологиялық сала, тау-кен, көмір өндіру және металлургия өнеркәсібі комитетінің отырысына қатысушылар Комитет жұмысының жаңа деңгейге өту қажеттілігіне және саланы дамытуға бағытталған ұсыныстарды әзірлеуге белсенді қатысуға қатысты бірыңғай позициясын білдірді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер