«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Шымкент қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы «Көлік инфроқұрылымының орталығы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнын құру туралы

2024 жылғы 01 Сәуір
5320 просмотров

Жария талқылау мақсатында Шымкент қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының «Диспетчерлік қызмет орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесін қайта құру (қайта ұйымдастыру) жолымен Шымкент қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы «Көлік инфроқұрылымының орталығы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнын (бұдан әрі – Кәсіпорын) құру туралы сұрауы жарияланады.

Кәсіпорын Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішісіне сәйкес келесідей қызметтерді көрсетуді көздейді:

  1. Автомобиль жолдарын пайдалану – 52212 (ЭҚЖЖ);
  2. Автотұрақтар қызметі – 52214 (ЭҚЖЖ);
  3. Автомобиль жолдары мен көпір құрылыстарын жобалау, салу, жөндеу, ұстау және диагностикалау саласындағы ғылыми зерттеулер мен эксперименттік әзірлемелер – 72191 (ЭҚЖЖ).

Кәсіпорынның қызметінің мәні: диспетчерлiк қызмет көрсету, қозғалысты басқару, кестенiң сақталуын үздiксiз бақылау және маршруттар бойынша автобустардың және шағын автобустардың қалаларда, қала маңындағы үздiксiз және тұрақты қозғалысын қамтамасыз ету үшiн жедел реттеу, сондай-ақ технологиялық процестегi көлiктiң барлық түрлерiмен жолаушылар тасымалдауды үйлестiру болып табылады.

Жарғы жобасының 16-тармағына сәйкес Кәсіпорын келесі қызмет түрлерін іске асырады.

1) Шымкент қаласының коммуналдық меншігіндегі мемлекеттік автокөлік жолдарын күтіп ұстау;

2) Әрекеттегі монополияға қарсы заңдылықтардың нормаларын сақтай отырып обьектілердің ғылыми-техникалық зерттеулері.

3) әр бағыт бойынша жалпы пайдаланыстағы қалалық жолаушылар тасымалдау көліктерінің жұмыстары туралы мәліметтерді жинақтау және күнделікті талдау;

4) жолаушылар тасымалдау көліктерінде нақты уақыт режимінде ақпарат беретін спутниктік навигация аппаратурасы арқылы көпканалды радионавигациялы автоматты басқару жүйесін ендіру (КАБЖ) (GPS) және оларды пайдалану аясын кеңейту арқылы заңды және жеке тұлғалардың қалалық, қала іргелік жолаушыларды тасымалдау бағыттардағы тасымал көліктерінің жұмыстарын есепке алу, оларды басқару және тасымал көліктерінің жұмыстарына автоматтандырылған бақылау орнату жұмыстарын бақылау;

5) Шымкент қаласының көлік инфроқұрылымын дамыту бойынша тиісті бағдарламаларды жүзеге асыру;

6) Шымкент қаласының бағыттар жүйесін паспортизациялау бойынша алдын ала материалдарды дайындау жұмыстарын іске асыру;

7) жолаушылар ағынын зерттеу мен талдау жұмыстарының негізінде қалада жаңа бағыттар ашу, тасымал көліктерінің қозғалыс сызбалары мен кестелерін, сол сияқты, аялдамалар орнын өзгерту, әр бағыт бойынша жалпы пайдаланыстағы жолаушылар тасымалдау көліктерінің саны мен олардың түрлерін анықтау, сондай ақ жалпы пайдаланыстағы жолаушылар тасымалдау көліктерінде көрсетілетін қызмет аясын жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу және енгізу;

8) қоғамдық жолаушылар тасымалдау көліктерінің жұмыстарын ұйымдастыруда озық технологияларды әзірлеу, тарату және оларды ендіру жөнінде тиісті жұмыстарды атқару, мониторинг жүргізу;

9) қалалық қоғамдық жолаушылар тасымалдау көліктерінде жеңілдік санатындағы азаматтарды тегін тасымалдағаны үшін қала бюджетінен бөлінетін өтемақы көлемін анықтап, есептеу жұмыстарын жүргізу;

10) бюджет есебінен, рентабелді емес бағыттардың өтемақы сомасын есептеу, субсидиялау және анықтау;

11) электронды жолақы төлем жүйесін мониторнигілеу, басқару және Басқару органына ақпарат ұсыну;

12) интелектуалды көлік жүйесі мен жол қозғалысын реттеу техникалық құралдарын орнату, күтіп ұстау және пайдалану бойынша ұсыныстарды дайындау;

13) қоғамдық көлік жүргізушілерінің, қоғамдық көлік кешені мамандарының біліктілігін жоғарлату, дайындау және қайта дайындау жұмыстары бойынша тасымалдаушыларға ұсыныс дайындау;

14) қоғамдық көлік саласында кәсіби, ұлттық стандарттарды әзірлеу бойынша қызмет көрсету;

15) қоғамдық көлік саласындағы халықаралық стандарттарды пайдалану бойынша жұмыстар атқару;

16) жолаушылар тасымалдау қызметін жүзеге асыратын мекемелердің қызметкерлерін тестілеу, аттестациялау жұмыстарын жүзеге асыру;

17) Шымкент қаласының теміржол вокзалының ғимараты мен мүліктерін тиісті деңгейде күтіп ұстау барысында Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келісім-шарт түзуге;

18) жол жүрісін басқаруды қамтамасыз ететін автоматтандырылған жүйеге бақылау жүргізу;

19) көше-жол желісінің трафигін басқару жұмыстарын жүзеге асырады;

20) Шымкент қаласының көше-жол желісінде жол жүрісін ұйымдастыру бойынша өзгерістер енгізу туралы ұсыныстарды әзірлейді;

21) маршруттар бойынша автобустардың, шағын автобустардың қозғалысын қадағалау және реттеу;

22) тасымалдаушыларды, жолаушыларды және басқа автовокзалдардың диспетчерлiк қызметтерiн маршрут бойынша жүрудiң күрделiлiктерi, соның iшiнде ауа райы-климаттық немесе жолдағы басқа жағдайларға байланысты қозғалысты шектеулер немесе тыйым салулар туралы хабардар ету;

23) маршруттағы, соның iшiнде ауа райы-климаттық немесе жолдағы басқа жағдайларға байланысты қозғалыстың ерекшелiктерi туралы жүргiзушiлерге нұсқау беру;

24) жол органдарын, әкімшілік полиция басқармасын, төтенше жағдайлар жөнiндегi органдарды маршрут бойынша жүрудiң күрделiлігі, оның iшiнде ауа райы-климаттық немесе жолдағы басқа жағдайларға байланысты қозғалыстың шектеулерi немесе мүмкiн еместiгi және осыған байланысты автобустар мен шағын автобустардың уақтылы келмеуi туралы хабардар ету;

25) жолаушыларды отырғызу және багажды тиеу үшiн автобустардың, шағын автобустардың кестеде белгiленген уақытта және тиiстi санитарлық жай-күйде уақтылы берiлуiн қадағалау;

26) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де қызметтер көрсетеді.

 

Құрылтайшы – Шымкент қаласының әкімдігі.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер