«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Ақтөбелік кәсіпкерлерге тегін бухгалтерлік және салықтық қызметтер, сондай-ақ заңгерлік кеңес беріледі

2024 жылғы 08 Қаңтар
- Ақтөбе облысы
6213 просмотров

Ол үшін өңірлік «Атамекен» аланында жұмыс істейтін Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығына жүгіну қажет. Орталықта кәсіпкерлер білікті заңгермен кеңесіп, салық немесе бухгалтерлік есепті тапсырып, бизнес-жоспар жазуға көмек ала алады.

Орталықтың жұмыс істегеніне 10 жыл болды. Білікті кеңесшілер Палатаның аудандық филиалдарында да бар.

Осы жылдар ішінде 145 мыңнан астам адамға кеңес берілді, кәсіпкерлерге 30 мыңға жуық сервистік қызмет көрсетілді. Бұл жерде кәсіпкерлердің бухгалтерлік есептерін тапсыру, бизнес-жоспарларды әзірлеу, рұқсат құжаттарын алу кезінде сүйемелдеу, шарттарды дайындау және т. б. қызметтер туралы айтылып отыр.

«Өткен жылы 3 382 азаматқа 14 033 кеңес, сондай-ақ 1 053 кәсіпкерге 1 231 сервистік қызмет көрсетілді. Сонымен қатар, сүйемелдеу нәтижесінде кәсіпкерлік қызметтің 360 субъектісі ашылды, сондай-ақ 380 жұмыс істеп тұрған бизнес субъектісі түрлі қолдау құралдары шеңберінде 4,4 млрд теңге сомасына жеңілдікпен қаржыландыру алды. Палата кеңесшілері көрсететін қызметтерге сұраныс дәрежесі бойынша бизнес-жоспардың жазылуын, сондай-ақ бухгалтерлік және салықтық есептерді жасап тапсыруға көмек көрсетуің атауға болады», — деді ӨКП бөлімінің бастығы Ержан Нұрғалиев.  

Мысалы, Палата кеңесшілері өткен жылы 466 кәсіпкердің есебің тапсыруға көмегін берген, негізгі — 910 формадағы салық есептілігі бойынша.

Және де қызметтер арасында жоғары сұранысқа ие заң аясындағы сұрақтар мен мәселелер.

«Орталық керемет! Мұнда ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге нақты көмек көрсетіледі. Мен бірінші рет келген жоқпын, бұрын өзім бизнес аштым. Кейін белгілі бір жеке қызметтерге жүгіндім осында. Қазір серіктесімізбен сату саласында жаңа ЖШС ашып жатырмыз. Процедура не бары 40 минутқа созылды. Өзіне-өзі қызмет көрсету аймағында менеджер көмегін берді. Бір жерде кеңес алу, бизнес ашу, заң аясында сұрақтарды түсіндіру бойынша осы Орталық өте ыңғайлы. Уақыт пен ақшаны үнемдеу жағынан да. Тегін. Кезек жоқ. Мен толығымен осындағы мамандарға сенемін. Менің жолдстарым арасында да «Атамекен» қызметтері өте сұранысқа ие», - деп бөлісті Азамат есімді кәсіпкер .

Естеріңізге сала кетейік, Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының қызметтерін онлайн g4b.kz портал арқылы алуға болады.

Анықтама телефондары: +7(7132)744–615, 744–616.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер