«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

«Атамекен» жаңартылатын энергия көздері бойынша шағын жобаларды дамытып жатқан кәсіпорындарды атаулы қолдауды ұсынды

2022 жылғы 25 Шілде
6300 просмотров

«Атамекен» жаңартылатын энергия көздері бойынша шағын жобаларды дамытып жатқан кәсіпорындарды атаулы қолдауды ұсынды

«Атамекен» ҚР ҰКП Үкіметтен жаңартылатын энергия көздерін өндіру бойынша шағын көлемді жобаларды дамыту жөніндегі бастамаларды қайта қарауды сұрады. Палата атаулы қолдау көрсетілсе, осындай жобаларды дамытуды барынша тартымды болатынына сенімді.

Шағын генерация деп шағын және орта кәсіпорындар, шаруа және фермер қожалықтарының электр энергиясын өндіру жөніндегі жобаларын атаймыз. Базалық салалар департаментінің сарапшысы Айгүл Есқалиева ауқымы бойынша шағын жобалардың ірі жобалармен салыстырғанда тәуекел көлемі өзгеше екенін түсіндірді.

«Шағын жобаларды дамытатын кәсіпорындарды қолдау бойынша ұсыныстар Үкіметте қаралды. Алайда барлық ұсыныс қолдау таппады. Бүгінгі таңда шағын көлемді жобалар даму жағынан ірі жобалардан артта қалып отыр. Оларды іс жүзінде реттеу мен ынталандырудың жекелеген механизмдер жоқ», – деп атап өтті сарапшы.

Мәселені бизнес, мемлекеттік органдар, оператор, өңірлік электржелілік компаниялар және даму институттарымен 3 жылға жуық уақыт бойы талқыланып жатқан шаралар шешуі мүмкін. Бұл жеке және таза тұтынушыларға атаулы көмек пен қолдау шаралары. Әлемде кең таралған қолдау шараларының бірі «Жасыл» тарифтер (feed-in-tariff) және атаулы қолдау – нетто-тұтынушылардың шағын станцияларды енгізуін субсидиялау.

 «БҰҰДБ-ҒЭҚ» ЖЭК жобаларына инвестициялау тәуекелдерін төмендету» жобасының деректері бойынша үй шаруашылықтарының 5-10% әлеуеті қуаты 500-1000 МВт ірі ЖЭО салуға тең келеді», – деп түсіндіреді Айгүл Есқалиева.

Күн электр станциялары деп аталатын үй қондырғыларын желіге қосу – желінің сенімділігін арттырады, сонымен қатар түйіндердің босатылуына және электр энергиясының шығынын азайтуға мүмкіндік береді.

Бұдан басқа, атаулы көмек нетто-тұтынушылардың ЖЭК шағын қондырғыларына жұмсаған шығындарын арзандатып, олардың өтелу мерзімін қысқартады. Кәсіпкерлердің есептеулеріне сәйкес, 1 кВт орнатылған қуаттарды монтаждау және жабдықтарды сатып алу орташа есеппен 1 мың долларды құрайды.

«Егер жеке тұлғалар үшін орташа өлшенген тариф бойынша қуаты 20 кВт станциядан желіге 18 тг/кВт*сағ электр энергиясын сатуды ескеретін болсақ, мұндай жобаның қолдаусыз өзін-өзі ақтау мерзімі 17 жылдан астам уақытты құрайды», – деді сарапшы.

Бизнестің тағы бір ұсынысы – ЖЭК шағын көлемді объектілерінің техникалық құрылғыларының белгіленген қуатын 100-ден 400 кВт-қа дейін ұлғайту.

Қуатты 100-ден 400 кВт-қа дейін ұлғайту ШОБ-қа желіден, әсіресе оңтүстік өңірлерде жазғы кезеңде күндізгі сағаттарда электр энергиясын тұтынуды үнемдеуге мүмкіндік береді Бұдан басқа, жылу және ыстық сумен жабдықтау үшін ЖЭК технологияларын, мысалы, жылу сорғы қондырғыларын, биомассадағы қазандықтарды айналымға тартуға мүмкіндік береді.

«Атамекен» ҚР ҰКП ведомствоаралық комиссияға ұсыныстарды қайта жіберіп, шағын көлемді ЖЭК-ті дамытуды қолдауға қатысты ұсынылған түзетулерді тағы да қарауды сұрайды.

Анықтама үшін: жеке тұтынушы – орталықтандырылған электрмен жабдықтау экономикалық жағынан орынсыз, электрлендірілмеген елді мекендер мен қоныстарда дербес режимде жұмыс істейтін ЖЭК бойынша объектіден электр және жылу энергиясын тұтынатын жеке немесе заңды тұлға.

Нетто-тұтынушы –  электр желісіне қосылған және желіден электр энергиясын тұтыну көлемдерін және оған жеткізу көлемдерін бөлек есепке алу жүйелерімен жабдықталған жаңартылатын энергия көздері бойынша объектіден электр энергиясын толық немесе ішінара тұтынуды қамтамасыз ететін жеке немесе заңды тұлға.

 

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер