«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Биыл 2 мыңға жуық жобаға микроқаржы ұйымдары арқылы несие берілді

2022 жылғы 17 Мамыр
6481 просмотров

Дереккөз: фото: pixabay.com

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасына қарасты микроқаржы ұйымдары биыл 11,3 млрд теңге жеңілдетілген несие берді.

2022 жылғы 11 мамырдағы жағдай бойынша елімізде 1973 бизнес жоба қаржыландырылған.

Несие алғандардың көшін 291 жобамен Жамбыл облысы бастап тұр. Одан кейін 228 жобаны қаржыландырған Қарағанды облысы тұр. Үшінші орында Қостанай облысы – 173 жоба іске асырылып жатыр.

Сондай-ақ, Атырау, Солтүстік Қазақстан, Ақтөбе облыстары микроқаржы ұйымдары несие берген тізімнің соңғы жағына орналасты.

Жалпы алғанда ел бойынша микроқаржыландыруға бөлінген 22,5 млрд теңгенің шамамен 50% игерілді. Бұл ретте Қостанай, Қарағанды, Маңғыстау, Жамбыл облыстарында игеру көлемі шамамен 80 пайыздан артады.

Айта кетейік, 2021 жылы микроқаржы ұйымдары арқылы 1095 жобаға 6,3 млрд теңгеге жеңілдетілген несие берілді.

 

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер