«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

«Атамекен» алаңында туризм саласын дамыту жол картасына қол қойылды

2022 жылғы 14 Сәуір
7744 просмотров

Ұлттық кәсіпкерлер палатасы ішкі туристік өнімді дамыту жөніндегі жол картасы шеңберінде салалық ведомство және «KazakhTourism» ҰК»  акционерлік қоғамымен үшінші жыл қатар ынтымақтасып келеді.

«Атамекен» ҰКП алаңында негізгі іс-шаралар жоспарына қол қойылды.

Жол картасына ҰКП басқарма төрағасының міндетін атқарушы Нариман Әбілшайықов, Мәдениет және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев және «KazakhTourism» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Талғат Аманбаев қол қойды.

 «Бұл іске асырылып жатқан үшінші жол картасы. Бұл құжат бизнес пен мемлекеттік саланы дамытуда жоспары сәйкес келетінін дәлелдейді. ҰКП-ның пандемия басталған кезде бірінші құжатқа қол қоюға қатысты ұсынысы сала дамуына оң әсер етті. Ешкім қайда және қалай қозғалу керегін білмеген кезде біз бизнес-қоғамдастықпен бірге нақты жоспарды басшылыққа алдық. Екіжылдық жұмыс шеңберінде агро және балалар туризміне көңіл бөлінді. «Жанды сабақтар» жобасы арқылы 1800 мектеп оқушысы Қазақстанның көрікті жерлерін тамашалай алды. Бұл жоба 2022 жылы да жалғасады. Сонымен қатар Мыңғыстау облысында желілік персоналды оқытып, сала үшін басқа да көптеген маңызды жобаны жүзеге асырдық»,  – деді Ержан Еркінбаев.

 Жол картасы 8 бағыт бойынша жан-жақты өзара қарым-қатынасты дамытуға бағытталған 90-нан астам шараны қамтиды.

 «Осындай егжей-тегжей және нақты құжат бізге тиімді жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Жыл сайын құжат жаңа бағыттармен толығып отырады. 2022 жылы біз өнеркәсіптік туризм бойынша жұмысты бастадық, экология және цифрландыру бойынша бүтін блок енгізілді, бизнес-қоғамдастықтың көптеген ұсынысы ҰКП Төралқа комитеті былтыр өңірлерде өткізгенен жиындардан кейін құжатқа түсті», – деп атап өтті «Атамекен» ҰКП Төралқасы Туристік сала комитетінің төрайымы Юлия Якупбаева.

 Жаңа құжатта туристік объектілердің көліктік қолжетімділігін жақсарту есебінен ішкі туризмді ынталандыруға баса назар аударылған. Бұдан басқа, қолөнер шеберлерінің мәртебесін ресми бекіту, қолөнер шеберлерінің орталығын ашуға жәрдемдесу және кәдесый өндірісін ілгерілету мәселесі көтеріледі.

«Бүгін біз туристік саланың дамуына ықпал ететін маңызды құжатқа қол қойдық. Тәжірибе бойынша, бұл ішкі туризм саласындағы бірыңғай тәсілдерді анықтау үшін дұрыс шешім екенін көріп отырмыз. Өз кезегінде, Палата нарық өкілдерімен бірлесіп, туризмді дамыту үшін министрлік және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп жұмыс істеуге әрқашан дайын», – деп атап өтті Нариман Әбілшайықов.

Талғат Аманбаевтың пікірінше, жол картасы туристік бизнес және саладағы проблемалармен тиянақты жұмыс істеуге мүмкіндік береді.  

 «ҰКП алаңында біз нарықпен таныстық және құрылымды диалогта идеялар мен ұсыныстарды талқылаймыз. Салалық министрлік және ҰКП-мен бірге біз үш жыл бойы проблемаларды шешу бойынша нақты жұмыс істеп жатырмыз. Атап айтқанда, инфрақұрылымдық қолжетімдік, стандарттау, қолөнер және басқа да мәселелер қаралады. Саланы цфирландыру бойынша жақсы ілгерілеу бар. Қазіргі кезде туристік қызметтер цифрлық форматқа ауысып жатқанын көріп отырмыз», – деді ол.

«Біздің қауымдастық жұмыс жиналыстарда ұсынған жобалары іске асырылып, ауқымды болғанына қуаныштымыз. Атап айтқанда,  гидтер мен экскурсия жетекшілері қызметін цифрландыру, «Жанды сабақтар» жобасы.  Бүгінде «Жанды сабақтар» жобасына KazakhTourism ғана емес, әкімдіктер де қызығушылық танытып жатыр», – деп атап өтті «Еуразиялық туризм қауымдастығы» ЗТБ президенті Рысты Қарабаева.

Жол картасы шеңберінде бірлескен екіжылдық жұмыстың нәтижесінде оқушыларға арналған «жанды сабақтар» жобасы іске қосылып, масштабталды. Балалар лагерлеріне түгендеу жүргізілді, ауыл тұрғындарына қонақ үйлерін ашу бойынша оқыту жүргізіліп, қалалық туризмді дамыту бойынша зерттеу аяқталды. Жол картасын іске асыру туристік нарыққа саладағы жағдайды неғұрлым нақты көру, қызметтердің сапасын жақсарту, туристік өнімдердің ассортиментін кеңейту, жаңа өңірлік турлар мен бағыттарды ілгерілету бойынша кейбір маңызды міндеттерді шешуге мүмкіндік береді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер