«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Шетелдік жүк тасымалдаушылардың ресейлік порттарға кіруден бас тартуы Солтүстік Қазақстан бизнесіне ауыр тиді

2022 жылғы 10 Наурыз
8759 просмотров

Ресей Федерациясына салынған санкциялар отандық бизнеске кері әсерін тигізіп жатыр, деп мәлімдейді СҚО кәсіпкерлері. Солтүстік Қазақстан облысының кәсіпкерлер палатасы алаңында бизнесмендер жаңа экономикалық жағдайдағы проблемалары туралы айтты. Дағдарысқа қарсы жедел штабтың отырысы облыс әкімі Құмар Ақсақаловтың қатысуымен өтті.

Шетелдік жүк тасымалдаушылардың Ресей порттарына кіруден бас тартуына байланысты ауылшаруашылық техникасы мен керек-жарағын жеткізудегі ықтимал проблемалар туралы облыстағы өнеркәсіп кәсіпорындарының өкілдері мәлімдеді.

«Kametex» ЖШС директоры Руслан Хасенов оның кәсіпорны канадалық және америкалық ауыл шаруашылығы техникасы мен қосалқы бөлшектерді жеткізеді. Кәсіпкер қазір импорт жүктерін тасымалдаудың балама жолдарын қарастыруды сұрайды.

 «Негізгі қоймамыз Клайпедада (Литва) орналасқан. Жүк тиелген көліктер келіп жатыр, яғни транзит әзірге ашық. Ауыл шаруашылық техникасын жеткізу бойынша үлгеріп жатырмыз. Бірақ қосалқы бөлшектерді жеткізу жағында проблемалар туындауы мүмкін. Өйткені қосалқы бөлшектер бөлек келеді, бізде Канададан әлі жөнелтілмеген контейнерлеріміз бар. Біз көктемгі дала жұмыстарына дейін қосалқы бөлшектерді уақытында жеткіземіз деп үміттенеміз. Алайда жүкті Еуропадан Ақтау порты арқылы  тасымалдаудың балама жолын тауып, транзитті Түркия, Грузия, Әзірбайжан арқылы және қабылдау мен жөнелту бойынша қуаты үлкен Ақтау портын қолдану қажет деп санаймыз», – деп ұсынды «Kametex» ЖШС директоры Руслан Хасенов.

 Бизнесменнің ақпараты  бойынша бұған дейін техникаға қосалқы бөлшектер Санк-Петербург арқылы тасымлданып келген. Қазір бұл бағыттағы транзит жабық. Сондықтан жүк Беларусь Республикасы арқылы келеді. Онда ЕАЭО кеден аумағы шеңберінде кедендік рәсімдеудің ұзақ процедуралары салдарынан жүкті жеткізу созылып кетуі мүмкін.  Ал шектеулер Беларусьқа да салынатын болса, онда еуропалық техниканы жеткізудің жалғыз жолы Түркия ғана болады. Тура осындай ұсынысты «John Deere» канадалық ауылшаруашылық техникасын жеткізуші компанияның өкілдері айтты.

 «Петропавл электр техникалық зауыты» ЖШС директоры Мақсат Үсенбаев Италиядан тауар жеткізудегі проблемалар туралы айтты. Компанияның трансформаторлық жабдықтары бар соңғы жүгі Италияда қалып қойған. Онда Еуроодақ шеңберінде көлік қозғалысына кедергі жоқ, алайда Ресей Федерациясына кірген кезде шектеу қолданылады.

 «Литва өз аумағынан Ресей Федерациясына тауар тиеуден бас тартты. Демек, Қазақстанға жабдық әкелудің жалғыз жолы – Каспий теңізі, яғни Түркия арқылы ғана. Өйткені Беларусь шекарасында ұзын-сонар кезек. Бірақ тауарды Түркия арқылы жеткізу үшін логистикалық компанияға осы елдер арқылы тасымалдауға рұқсат алу қажет. Оған өтінімді қарау мерзімі 2 айдан 3 айға дейін созылады. Процедураны тездету үшін  Түркия, Армения, Грузия және Қазақстанның көлік министрліктері тиісті келісім жасауы тиіс. Логистикалық компаниялар үшін қысқа мерзімде рұқсат алу мәселесін республикалық деңгейде шешуді сұраймыз», – деп ұсынды Мақсат Үсенбаев.

 Көрші елге санкциялар салынуының салдарын құрылыс саласы да сезіне бастады. Жергілікті компаниялардың хабарлауынша, ресейлік өндірушілер көптеген тауарға бағаның 15-20%-ға өсуі туралы алдын-ала ескерткен. Сонымен, өңірде Ресейден сатып алынатын пластик панельдер тапшылығының қаупі бар. Панель өндірушілері құрауыштарды Еуропа мен АҚШ-тан сатып алады. Санкциялар енгізілгеннен кейін бұл мүмкін болмайды.

 «Құрылыс саласындағы негізгі мәселе – баға. Баға барлық материалға шамамен 20 пайызға өскен. Өндірушілердің бәрі баға әлі де өсетінін айтуда. Мұндай шарықтау курс айырмашылығы, сондай-ақ өндірушілеріміздің логистикалық тізбектерінің бұзылуына байланысты орын алды. Құрылыс материалдардың 85 пайызы Ресейден келетіні жасырын емес. Ресейде қазірдің өзінде еуропалық шикізат көлемі аз, сәйкесінше, біз үшін бұл құрылыс материалдарының тапшылығына айналады. Қазақстанда өндірілетін тауарлар, мысалы, сол салалық жүйелер бар. Менің ойымша, мемлекет басқа елдерге бармай, ішкі нарықты қамтамасыз ету үшін оларды экспорттауға тыйым салуды енгізуі керек», – деп атап өтті «Барс Nord» ЖШС директоры Ольга Исакова.

 Спикердің пікірінше, отандық құрылысшыларды қосымша қаржыландыру керек. Бұл шара құрылысшылар нысандардың құрылысын аяқтауға құрылыс материалдарының қажетті көлеміне қол жеткізуі үшін керек. Қазіргі кезде көптеген құрылыс компания жеткізілім үзілісінен қорқып, Ресейде материалдарды сатып алып жатыр. Кәсіпкерлер өңірлік баға индексін әзірлеуді ұсынады. Оны мән-жайларға қарай қайта қарайды, өйткені барлық смета ескі баға индексі бойынша салыстырылады. Компаниялардың бір бөлігі мемлекеттік сатып алуға қатысудан бас тартып жатыр. Себебі бұл компаниялар нарықта қалу-қалмайтынын білмейді, деп атап өтті сала өкілдері.

 «Бүкіл ел ауқымында бизнестің негізгі проблемалары логистикалық тізбектер мен жеткізу маршруттарының үзілуі; ұлттық валютаның әлсіреуі. Мұның салдары өнімнің түпкілікті бағасы құнының өсуіне, өнім, шикізат, қосалқы бөлшектерді жеткізу көлемінің қысқаруына, тауарлар мен қызметтер үшін ақы төлеу проблемаларына және контрагенттер алдындағы шарттар бойынша міндеттемелерді орындамаудың жоғары қатеріне алып келеді. Көктемгі дала жұмыстары басталғанға дейін ауыл шаруашылығы техникасын жеткізуді кешіктіру қаупі бар», – деп атап өтті Өңірлік кәсіпкерлер палатасының директоры Әлібек Әшметов.

Орталық деңгейде шешуді талап ететін барлық мәселе жедел штабқа жіберіледі. Жиынға қатысушылар аптасына кемінде бір рет кездесуге келісті.

 


Ұқсас жаңалықтар:

Еншілес ұйымдар

Серіктестер