«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Ақмола облысының рестораторлары Үкіметке үндеу жасады

2021 жылғы 22 Шілде
- Ақмола облысы
24720 просмотров

Өңірдегі рестораторлар, кафелер, фуд-корттар иелерімен бірге банкет залдарының иелері қоғамдық тамақтану саласындағы шектеу шараларына қатысты наразылық білдірді. Ақмола облысы кәсіпкерлер палатасының алаңында сала өкілдері мен өңірдегі бас санитар дәрігердің кездесуі өтті. Іс-шараға сонымен қатар Көкшетау қаласының әкімі, мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты.

 Қоғамдық тамақтану саласында банкет залдарына шектеулер ауыр тигені жасырын емес. 2020 жылдың наурызынан бастап банкет залдары қызметіне тыйым салынды.

 Банкет залдары өз қызметін биыл мамырда ғана Ashyq жобасына қосылу арқылы жандандырды, ас өткізуде 30 адамға дейін кісі қабылдау, мейрамхана және кафе түрінде жұмыс істейтін банкет залдарына 50 адамға дейін қонақ қабылдауға рұқсат етілді.

 Алайда, рестораторлардың айтуынша, олар осындай шектеулер салдарынан табысқа шыға алмауда. Бір жылдан астам уақыт тұрып қалған нысандар алдында алған несиелерін жаба алмай жатыр. Ситуацияны бас санитар дәрігердің кезекті қаулысы қиындатып жіберді, құжатқа сәйкес оларға Ashyq жобасы жағдайында 20:00-ге дейін жұмыс істеуге мүмкіндік берілді, ал жобаға қосылмаған нысандар мүлде жұмыс істей алмайды.

 «Банкет залдары – қоғамдық тамақтану саласындағы ең күрделі кәсіп түрі, онда жұмысты онлайн форматқа ауыстыру, жеткізуді ұйымдастыру қиындау. Мұның бәрі қосымша қаражат талап етеді, қазір ақша табу оңай емес. Сондықтан сала қатты зардап шекті. Біз қазір салықты, жалға алу құнын, қызметкерлер еңбекақысын дер кезінде төлей алмай жатырмыз, несиелеріміз бар. Кәсіпкер үшін әр күн, әр сағат маңызды. Түсім 70-85 пайызға дейін  түсіп кетті. Жеткізу қызметі тіпті жоспарлы айналымның 10-15%-ын, ең көп дегенде 20%-ын өтеуге мүмкіндік бермейді. Ashyq аясында 50 орынға дейін толтырылатын мейрамханалар түрі бойынша тамақтануды ұйымдастыруға рұқсат беру біз үшін де мүмкін болмады. Бұл ретте біз Ashyq  жобасын оны енгізген сәттен бастап қолданамыз және бүгінгі күні қызметкерлердің 60%-ы вакцина салдырған», – деп мәлімдеді «Дәстүр» мейрамханасының директоры Шынар Әбутәліпова.

Банкет залдарының иелері Үкіметке, облыстың бас санитарлық дәрігеріне олардың жұмысын шектемеу туралы өтінішпен жүгінді және екі апталық пилоттық жобаны енгізуді қарастыруды сұрады.

 Банкет залдары үшін (мейрамханалар мен дәмханалар типі бойынша қызмет көрсету) 50% - ға дейін, бірақ 100 отыратын орыннан аспайтын уақытта 08.00-ден 23.00-ге дейін жұмыс режиміне рұқсат беру ұсынылады. Сондай-ақ, келушілер үшін міндетті шарт– тиісті анықтаманы ұсына отырып вакциналау болуы керек.

 Өтінімді бастамалаған кәсіпкерлер Үкіметтен мәселене Ведомствоаралық комиссия қарауына салуды сқрайды.

 «Осындай жобаны енгізу бизнесті жақсы ынталандырар еді. Бір апта ішінде қоғамдық тамақтану саласында вакцина салдырғандар саны күрт өсетініне сенімдімін. Өз тарапымыздан біз кәсіпкерлер арасында вакциналау жүргізу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізуге кепілдік береміз. Тәжірибе көрсеткендей, бизнес субъектілері мұндай шешімге саналы түрде келіп, пандемиямен күресте тек ұжымдық иммунитет қана көмектесе алатынын жақсы түсінеді», – деп атап өтті ӨКП директоры Ерқанат Мұсылманбек.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер