«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Алматыда «Бастау» түлегі бірегей жобаны іске қосты

2021 жылғы 25 Қаңтар
- Алматы қаласы
10528 просмотров

Алматыда салынып жатқан барлық жаңа тұрғын үй кешендерін бір күн ішінде  қалай көріп шығуға болады? Quartal Kazakhstan командасы: «Оңай!» деп жауап береді. Осы алаңда екінші деңгейлі банктер өкілдерінен несиелеу шарттары бойынша кеңес алып, пәтер сатып алуға өтінім тастауға болады

 Қазақстанда пәтер сату жөніндегі жаңа инновациялық бизнес-жоба Алматы қаласында іске қосылған, оның көмегімен қаражат қана емес, сонымен қатар уақытты да үнемдеуге болады.

 «Quartal Kazakhstan» клиенттерге қысқа уақыт ішінде ары-бері шапқыламай жылжымайтын мүлікті тез сатып алуға мүмкіндік береді. Компанияның негізін салушы қаладағы құрылыс салушылардың барлығын бір алаңға біріктіру арқылы қалаған пәтерді тез әрі оңай табуда шешім тапты.

 «Бұл идея өзім жылжымайтын мүлікті таңдап жүргегнімде пайда болды. Мен сияқты, баспана іздеп, сабылып жүрген адамдардың өмірін жеңілдеткім келді», – деді Самат Таласов.

Бұл жобаның басты артықшылығы – клиенттерге тиімді пайыздық мөлшерлемені іздеу үшін банктен банкке барудың қажеті жоқ. Жылжымайтын мүлікті сатып алуға қатысты барлық ақпаратты компания менеджері және ипотекалық несиелеу бағдарламаларын түсіндіретін банк өкілдері бере алады. QUARTAL шоурумына келіп, клиент әр түрлі критерийлер бойынша өз талап-тілегін айта алады, мысалы, үйдің орналасқан жері, бағасы, мөлшері және т.б. Алматы қаласындағы жаңа ғимараттардың барлық жобалық жоспарларын саралаған соң, клиент өзіне лайықты, қалтасын көтеретін тұрғын үй кешенінен пәтер таңдай алады.

 Жаңа форматтағы пәтерлерді сатуға арналған алаңдар Алматының ірі сауда-ойын-сауық орталықтарында орналасады, өйткені орталықтарда келушілер саны күніне 20 мың адамды құрайды. Шоурум ішінде орналасқан VR-бұрышы көмегімен болашақ жеке баспаның атмосферасына енуге болады.

 Қоғаммен байланыс жөніндегі директоры Алена Кимнің айтуынша, Quartal – сонымен бірге әлеуметтік-экономикалық жоба саналады, өйткені компанияның мамандары пәтер сатып қана қоймай, сонымен қатар мүмкіндігі шектеулі адамдарға жұмыс орындарын ұсынып, қолдау көрсетеді.

Quartal Kazakhstan  компаниясының негізін алушы Самат Таласовтың пікірінше: «Бизнес – бұл ақша ғана емес, маңыздысы қоғамға пайда әкелу».

 

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер