«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Темекі өнімдері – жеке куәлік бойынша ғана сатылады. «Атамекен» ҰКП өкілінің пікірі

2020 жылғы 09 Тамыз
9624 просмотров

 Темекі өнімдері жеке куәлік болған жағдайда ғана сатуға қатысты қоғамда талқыланып жатқан мәселені өзінің фейсбуктегі парақшасында ҰКП Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау департаментінің директоры Шыңғыс Темір көтерді

 Еске салсақ, Қазақстанда шілде айында денсаулық туралы жаңа кодекс күшіне енді, оның 110-бабы сатушыларды жеке куәлігін көрсетпеген тұлғаларға темекі және алкоголь өнімдерін сатпауға міндеттейді. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 199-бабы жеке куәліктің болмағаны жағдайында темекі сатылғаны үшін бизнестің санатына қарай 15 АЕК-тен 70 АЕК-ке дейін (41 мыңнан 195 мың теңгеге дейін) айыппұл қарастырады. Ал алкогольді сату үшін кодексте мұндай құрам жоқ, яғни айыппұл қарастырылмаған.

 Шыңғыс Темір: Біз «Атамекен» өкілдері заңнамалардағы талаптар сатып алушылардың 21 жасқа толуын білу үшін жазылған деп санаймыз, өйткені осы жасқа жеткен соң темекі мен алкогольді сатып алуға болады. Алайда «шаш ал десе, бас алады» демекші, заң шығарушылар артық кеткені анық».

 Төменде денсаулық туралы кодекстің 110-бабынан үзінділер:

«4.Темекі бұйымдарын ... сатуды жүзеге асыратын адамдар:

1) жеке басты куәландыратын құжатты көрсетуді талап етуге;

2) егер жеке басты куәландыратын құжат көрсетілмесе, темекі бұйымдарын ...сатудан бас тартуға міндетті.

 18. Алкогольді өнімді сату кезінде алкогольді өніммен сауданы жүзеге асыратын адамдар:

1) жеке басты куәландыратын құжат көрсетуді талап етуге;

2) егер жеке басты куәландыратын құжат көрсетілмесе, алкогольді өнімді сатудан бас тартуға міндетті.

 «Осы нормаларды тікелей тәржімалайтын болсақ, сатушы күнделікті бір дүкеннен темекі сатып алатын немесе жасы белгілі туысынан әр кез жеке куәлікті аталап ету қажет болады. Куәлікті талап етпеген жағдайда – әкімшілік жауапкершілік тағылады. Әрине, бұл норма бір мәнді емес. Жасы 21 жастан әлде қайда жоғары сатып алушыдан жеке куәлік сұрасаң, ең кемі саған біртүрлі қарайды. Айтарлықтай кері сценарий: сатып алушылар балағат сөз айтып, тіпті физикалық күш көрсетуі мүмкін (мұндай жағдайлар орын алған). Ал куәлікті талап етпеу – заң бұзу. Егер осы мезетте жаныңызда құқық қорғау органының қызметкері болса, онда әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманы толтыруға тура келеді. Егер қызметкер «мейірімді» болса, онда ол ізгі әдісті – келісіп көру туралы ұсыныс жайсауы мүмкін. Өкінішке қарай, Қылмыстың кодексінің 366 және 367-баптары бойынша қылмыстар статистикасы елімізде мұндай қызметкерлер жетіп артылатынын көрсетуде. Жемқорлықты әлі жеңе алмадық», – дейді Ұлттық палата өкілі.

Мұндай жағдайда «Атамекеннің» әрекеті қандай?

Аталған позиция бойынша өкілетті органға жазбаша сұратым жіберілді, онда егер сатушы жеке куәлікті талап етпесе – бұл әкімшілік жауапкершілік пе деген сұрақ нақты қойылған. ҰКП өкілетті органнан ресми жауап күтіп жатыр, аталған жауап осы даулы жағдайға нүкте қояды. Ары қарай Ұлттық палата құқық қолдану практиканы реттеу, қажет болса Денсаулық туралы кодексіндегі талаптарды ауыстыру бойынша жұмыс істейтін болады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер