«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Кәсіпті жаңадан қолға алған кәсіпкерлерге халықаралық нарыққа шығуға көмектеседі

2020 жылғы 30 Шілде
5949 просмотров

«Атамекен» ҚР ҰКП Жаппай кәсіпкерлік және микро қаржыландыру департаменті bastaumarket.kz сервисі арқылы отандық және шетелдік интернет-нарықтарда отандық тауар өндірушілердің тауарларын ілгерілетуге өтініштерді қабылдайды

 Өтінімдер «Бастау Бизнес» жобасы бойынша оқу аяқтаған немесе оқып жатқан кәсіпті енді қолға алып жатқан кәсіпкерлерден қабылданады.

 «Атамекен» ҰКП отандық тауар өндірушілердің өнімін ETSY.com халықаралық платформада ілгерілетуге көмек көрсетуге дайын. Etsy  – әлемнің түкпір-түкпірінен адамдарға өз тауарларын онлайн сатуға мүмкіндік беретін интернет-алаң. Etsy сатылатын тауарлардың бүкіл ассортименті қолдан жасалған бұйымдар. Осылайша аталған алаң адамдарға сүйікті ермегі арқылы табыс табуға мүмкіндік береді», – деді «Атамекен» ҚР ҰКП Жаппай кәсіпкерлік және микро қаржыландыру департаментінің директоры Айболат Есентеміров.

 Департамент директоры жүргізген талдауға сәйкес etsy.com сайтында, мәселен, Украинадан 6 мыңға жуық компания тіркелген, олар негізінен былғары және былғарыны алмастыратын материалдардан бұйымдар, ағаштан балалар ойыншығын, үй жануарларына қарғыбау, мойын жетегіш жасайды.

 «Аталған интернет-алаңындағы сатылымдардың жетекшісі 124 мыңнан астам мәмілені іске асырған. Отандық өндірушілер аудитория арасында танымал бола алады деп санаймын. Кәсіпкерлеріміз құрақ көрпе, астау, қоржын, той бастар, ұлттық әшекейлер, көне бұйымдар, топтамалық заттарды (20 жылдан жоғары) ұсына алады. Хэндмейд заттары еуропалық сатып алушылар арасында сұранысқа ие екені белгілі. etsy.com алаңына шығу қазақстандық тауарды бүкіл әлемге ұсынуға жол ашады», – дейді ҰКП өкілі.

etsy.com және басқа да халықаралық интернет ресурстарына шығуды, жеке интернет-дүкен ашуды қалайтын отандық тауар өндіруішлер үшін «Бастау Бизнес» жобалық тобы bastaumarket.kz арнайы сервисті әзірледі, ол арқылы кәсіпкерлерден өтінімдер қабылданады.

 Жобалық топ бейне сабақтар мен оқу вебинарлары арқылы маркет-плейспен өздігінен пайдалануды тегін үйретеді.

 «Біз тауарларды рәсімдеу, ілгерілету және  дүкендерді имидждик позициялау бойынша кеңес береміз: біз тапсырыс берушілердің пікірлерін бақылауға, жеткізушілердің шоттары мен рейтингтерін талдауға, өнімдерді жылжытуға және клиенттер табуға көмектесеміз. Болашақта біз eBay және Amazon сияқты ірі онлайн сауда платформаларына кіруге ниеттіміз», – деп қорытындылады Айболат Есентеміров.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер