«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Банк секторы. Бизнесті қолдау шаралары

2020 жылғы 18 Наурыз
15106 просмотров

Отандық банктер төтенше жағдай кезеңінде бизнеске қолдау көрсетуге дайын

Қолдау шаралары:

  • Төтенше жағдай кезеңінде (16 наурыздан 15 сәуірге дейін)орын алған төлемдердің кешіктірілуі бойынша өсімақылар мен айыппұлдар салынбайды. Жеке тұлғаларға айыппұлдар мен өсімақы автоматтандырылған тәртіпте салынбайтын болады. Ал заңды тұлғаға кредитор-банкке хабарласу керек болады.
  • Төтенше жағдай кезеңінде ҚР Ұлттық банкімен заңнамаға сәйкес түзетулер қабылданып, күшіне енген соң жеке тұлғалардың тұтынушылық кепілзатсыз зайымдары бойынша төлемдерді кешіктіру уақыты 90 күннен артық  болса сыйақы пайызын тағайындау тоқтатылады. Банкке хабараласу қажет етілмейді.
  • Төтенше жағдай салдарынан қаржылық жағдайы нашарлаған жеке кәсіпкерлік және ШОБ үшін несиелер төлемдері бойынша 90 күнге дейін кейінге қалдыру және қарызды төлеу кестесін қайта қарау мүмкіндігі қарастырылатын болады.

Өтінімдер мен өтініштер әр банктің ресми сайты, интернет-банкинг немесе колл-орталығы арқылы қабылданады. Байланыс деректері ҰКП сайтында мында жарияланған.

 Өтінімді қараған соң банк қарыз алушының төтенше жағдай салдарынан қаржылық жағдайы нашарлағанын растайтын қосымша қажетті құжаттарды сұратып, өтінімді қарау нәтижесі туралы хабралайды.

Дереккөз: Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығы

 *ақпарат толықтыралатын болады

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер